Тағзым • 24 Желтоқсан, 2025
Абайтанушыға арналған ғылыми жиын
Көрнекті абайтанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының ғылыми мұрасына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция ғалымның туған жерінде өтті.
Туризм • 24 Желтоқсан, 2025
Қысқы туризмнің қалаулы бағыттары
Қысқы туризм – ақ қар, көк мұз, салқын ауа райы мен таулы аймақтардың әлеуетін пайдаланып, демалысты белсенді әрі пайдалы өткізудің ерекше түрі, ішкі-сыртқы туристерді тарту арқылы өңірлік экономиканы дамыту құралы. Еліміздің географиялық мүмкіндігі бұл саланы өркендетуге барынша қолайлы. Жақында Туризм және спорт министрлігі отандық және шетелдік қонақтарға арналған қысқы демалысқа баруға тұрарлық үздік 7 бағытты белгіледі. Біз бүгін қыс маусымының күш алып келе жатқанына орай, сол тамаша табиғат мекендері туралы қысқа-нұсқа әңгімелеп өткенді жөн көрдік.
Ғалам ғажаптары • 24 Желтоқсан, 2025
«Tesla» компаниясы Берлинде адам тәрізді «Optimus» роботын көпшілікке көрсетті. Таныстырылым сауда орталығында өтіп, құлтемір қонақтармен амандасып, попкорн таратқан.
Ғалам ғажаптары • 24 Желтоқсан, 2025
«Blue Origin» компаниясы сал ауруына шалдыққан неміс инженері Михаэла Бентхаусты «New Shepard» зымыранына отырғызып, 10 минуттық ғарыш сапарына шығарды.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2025
Жыл қорытындыланар шақта Жылысай ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Ол – ел асыға күткен еңселі мәдениет үйінің пайдалануға берілуі. Жаңа ғимараттың ауыл өміріне серпін беріп, мәдени шаралардың алтын ұясына айналатынына сенім мол.