Саясат • 24 Желтоқсан, 2025
Шағын және микро бизнесті қолдаудың кешенді жүйесі бекітілді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Іскер аймақ» бизнесті қолдауға арналған бірыңғай бағдарлама қаралып, бекітілді. Бұл бағдарлама шағын және микро бизнесті дамытуға бағытталған кешенді мемлекеттік қолдау жүйесін құрайды. Жиында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы министрі Мәди Такиев, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мен Бухгалтерлер одағының өкілдері баяндама жасады.
Экономика • 24 Желтоқсан, 2025
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі тең өркендеген өңір
Қостанай – еліміздің солтүстік-батысында орналасқан, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қатар дамыған стратегиялық аймақ, астық өндірудің көшбасшысы. Ресеймен шекаралас өңір ретінде транзиттік әлеуеті де зор. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы жан-жақты баяндады.
Саясат • 24 Желтоқсан, 2025
Инвестиция тартуда ілгерілеу бар
Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібіне қатысты бірнеше маңызды кездесу өткізді. Бұл кездесулердің бәрі Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау, яғни елге инвестиция тарту, өндірісті дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Қарапайым тілмен айтсақ, әңгіме зауыт, жұмыс орны, экспорт және ұзақмерзімді серіктестік туралы болды.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Тұрғын үй – алаңсыз тіршіліктің алғышарты
Президенттің сайлауалды бағдарламасында 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті қойылған. Бұл меже бастапқы жоспардан 7,3 млн шаршы метрге артық. Былтыр 19,1 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылып, сала рекордтық көрсеткішке қол жеткізген, дейді ресми мәлімет.
Экономика • 24 Желтоқсан, 2025
Мұнайлы өлкенің әлеуметтік әлеуеті
Маңғыстау облысы – еліміздегі донор облыстың бірі. Халық санының өсуі жөнінен де алдыңғы орында. Үш жылда жалпы өңірлік өнім көрсеткіші тұрақты артқан. Былтыр 5,0 трлн теңге болса, 2030 жылға дейін 8 трлн теңгеге жетпек. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін баян етті.