Сұхбат • 24 Желтоқсан, 2025
«ҚазМұнайГаз» компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі
Елдің экономикалық дамуы адам капиталының сапасына тікелей байланысты. Бұл тұрғыда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Samryk-Kazyna Trust» қоры әлеуметтік жауапкершілік жүгін арқалап келеді. Олардың демеушілігімен «Bilim Foundation» қоры «Жарқын Болашақ» бағдарламасын жүйелі түрде іске асырады. Құрылымы әлемдік тәжірибелермен үндес ілкімді жоба жас буынды кәсіптік-техникалық дағдыға баулып, олардың еңбек нарығында орнығуына ықпалдасады. Бастама төңірегінде қор басшысы Ерлан Аманжолұлымен әңгімелестік.
Саясат • 24 Желтоқсан, 2025
«Alatau City» заманауи қалыпқа негізделеді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласының сәулеттік даму тұжырымдамасының таныстырылымына қатысты.
Абай • 24 Желтоқсан, 2025
Дана Абай шығармашылығы ХХ ғасырдың 20-жылдарынан туысқан халықтар арасында кеңінен насихаттала бастады. Түркістан республикасының орталығы Ташкентте қазақ тілінде жарық көрген «Ақ жол» газетінің 1921 жылы 19 маусымында жарияланған «Талаптың мініп тұлпарын», «Әбдірахманға» өлеңдері өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ ақындарының көзіне түскені де ақиқат.
Білім • 24 Желтоқсан, 2025
Жұмысшы мамандықтар жылы бір реттік ұран емес. Бұл – еңбекке, кәсіпке, нақты іске деген көзқарасты қайта таразылайтын кезең. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында еңбек адамдарына деген құрметті арттыра түсуіміз керектігін айрықша атап өткен еді. Осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткізіп отырған оқу орындарының бірі – Астанадағы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі.
Талбесік • 24 Желтоқсан, 2025
Ақмола өңірі табиғи климаттық жағдайға байланысты қысқы туризмді, спорт түрлерін, экологиялық шараларды, отбасылық демалысты дамытуға, өткізуге өте ыңғайлы. Өңірге қысқы маусымда жыл сайын 300 мыңға дейін турист келеді.