Энергетика • 23 Желтоқсан, 2025
Жаңғырмалы энергия үлесі көңіл көншітеді
Кейінгі ширек ғасырдың бедерінде әлем елдері жаңғырмалы энергия көздерін дамытуға басымдық беріп отырғаны белгілі. Ғалымдар жыл өткен сайын «жасыл энергияға» деген тәуелділік арта түсетінін нақты деректермен де дәйектеп берді. Олар келтірген дерекке сенсек, енді жиырма жылдан соң әлемдегі «жасыл энергияның» үлес салмағы 35 пайызға жетуге тиіс.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Мемлекеттік тілге басымдық берген компания
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – баршаға ортақ міндет. Бұл үрдістен энергетика саласы да шет қалмайды. Ел энергетикасының өзегін құрайтын «KEGOC» акционерлік қоғамы мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейтуге бағытталған жүйелі әрі кешенді жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осы мақсатта компанияда бірқатар маңызды құжаттар қабылданып, қазақ тілін ілгерілетуге арналған нақты іс-шаралар үздіксіз жүзеге асып отыр.
Digital • 23 Желтоқсан, 2025
«Astana Hub» алаңында «Astana Innovations Accelerator» бағдарламасының «Demo Day» іс-шарасы өтті. Бұл жиында 13 стартап өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Мұндағы мақсат – қаланың түрлі саласына тиімді технологиялық шешімдерді енгізу. Пилоттық тестілеу мектеп, аурухана, әлеуметтік мекеме және қалалық сервистер базасында жүзеге асырылады.
Саясат • 23 Желтоқсан, 2025
Бас қала қарқынды дамып келеді
Еліміздің бас қаласы биыл әлеуметтік-экономикалық даму саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Негізгі нәтижелер экономиканың түрлі секторында тұрақты өсуді, стратегиялық бастамаларды тиімді іске асыруды айғақтайды. Жұмыспен қамту деңгейі, тартылған инвестиция көлемі, инфрақұрылымды дамыту сынды маңызды көрсеткіштер туралы оң динамика байқалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы барысын жан-жақты баяндады.
Білім • 23 Желтоқсан, 2025
Дипломдардың деректер базасы құрылды
Енді тәуелсіздік жылдарында берілген дипломдардың түпнұсқасын тексеруге болады. Бұл неге маңызды? Кейінгі кезде жалған құжат мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Күні кеше Ғылым және жоғары білім министрлігі бүгінде 46 жалған диплом жасаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталғанын, материалдар Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданғанын хабарлады.