Редакция таңдауы
Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі су тасқыны жағдайымен танысып, мемлекеттік органдар басшылығы және облыс әкімдерінің қатысуымен Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді. Президент қойған міндеттер шеңберінде тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының үздіксіз қызметіне қатысты мәселелер қаралды, деп жазады Egemen.kz.
05 Наурыз, 2026
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Көлік министрлігі Таяу Шығыс елдерінен елге жеткізілген азаматтардың нақты саны жөнінде ақпарат жариялады. 4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасаған. Осы рейстермен елге 851 жолаушы келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Наурыз, 2026
Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр
Нахчыван әуежайының аумағында ирандық дрон құлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаға қатысты кадрларды APA агенттігі Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Наурыз, 2026
Бектенов Көкшетаудағы жаңа ЖЭО құрылысын тексерді
Премьер-министрі Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа қуат көздерін арттыру және өңір инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Көкшетау қаласында салынатын стратегиялық маңызы бар жылу электр орталығы (ЖЭО) жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Аталған нысан Мемлекет басшысы ерекше мән беріп отырған Семей және Өскемен қалаларындағы стансалармен қатар ЖЭО тізбесіне кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Наурыз, 2026
66 млн теңге шығын: Стоматологиялық клиниканың «Damumed» арқылы жасалған алаяқтығы әшкере болды
Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілген стоматологиялық қызметтерге қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Наурыз, 2026
Цифрлық дәуірдің елеулі құжаты
Елдің ең ірі телекоммуникациялық операторы – «Қазақтелеком» АҚ жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған ауқымды интерактивті телекөпір ұйымдастырды. Бұл іс-шара барлық өңірден қызметкерлерге нақты уақыт режімінде сұрақ қойып, реформалардың әр отандасымыздың өміріне әсерін талқылауға мүмкіндік берді.
05 Наурыз, 2026
Өңір экономикасына серпін беретін кәсіпорын
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында «EcoClub» ЖШС-ның өндірістік нысаны – ірі қара мен жылқы терісінен жоғары ақуызды, сапалы протеинді жемдік қоспа өндіретін жаңа зауыт іске қосылды.
05 Наурыз, 2026
Кәсіпкерлер салық режімін таңдады
Елдегі салық реформасының алғашқы нәтижесі көріне бастады. Мыңдаған азамат пен кәсіпкер жаңа режімдерді таңдап, қызметін заңдастыруға қадам жасады. Бұл еңбек нарығын ашық жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды тетік саналады.
05 Наурыз, 2026
Инфрақұрылымды жаңғырту пысықталды
Елдегі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмысы жаңа қарқын алды. Үкіметте өткен жиында энергетика мен коммуналдық секторды қамтитын ұлттық жобаның жүзеге асу барысы талданды. Көрсеткіштер орындалмаған жағдайда лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі қаралатыны ескертілді.
05 Наурыз, 2026
Әскери қызметшілерге конституциялық реформа таныстырылды
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде еліміздің жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Басқосуға мерзімді әскери қызмет сарбаздары, сержанттар, офицерлер және бөлімнің басшылық құрамы қатысты.
05 Наурыз, 2026
Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17 мен 20 жас санатындағы жастар арасында ел чемпионаты өтті. Барлық өңірден 1 200-ден астам жас балуан қатысып, бозкілемде өз шеберлігін сынады.
05 Наурыз, 2026
Ата заң жобасын қолдайтындар – 89 пайыз
Ел азаматтарының 89,2%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Мұны Қазақстан қоғамдық даму институты әлеуметтанулық сауалнама негізінде анықтады. Зерттеу Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен биыл 12-20 ақпан аралығында телефон арқылы 17 облысты және республикалық маңызы бар 3 қала – Астана, Алматы, Шымкентті қамтыды.
05 Наурыз, 2026
Көгерген нан да қажетке жарайды
Осы күні иістеніп кеткен ұн өнімін қоқыс жәшіктеріне іліп кетеміз. Оны дүкеннің дайын тамағына үйренген ит-мысық та жемейді. Обалын ойлайсың... Тарихтың тұңғиығына тереңдегенде өткен ғасырдың 30-жылдарындағы аштық есіңе түседі. Өткенде «Nature Chemistry» журналынан көгерген нанды керегімізге жарату жолын ұсынған жаңалықты оқығанда көңілсіз көріністің шешімі табылғандай қуандық.
05 Наурыз, 2026
Әлеуметтік жауапкершілік арта түседі
Сенат депутаттары Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті. Олар Конституция жобасының мән-жайын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
05 Наурыз, 2026
Көшбасшы әйелдер елдік құндылықтарды қолдады
Елордадағы EXPO конгресс-орталығында «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шарада Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі.
05 Наурыз, 2026
Дүниежүзілік банк қаражаты қандай жобаларға жұмсалады?
Қазақстан Дүниежүзілік банк тобы ұйымдарымен әріптестікті нығайтады. Мәжілістің жалпы отырысында осы мақсаттағы негіздемелік келісімді ратификациялау еліміздегі стратегиялық реформаларды жүзеге асыруға әрі шетелдік инвесторлардың сенімін арттыруға мүмкіндік беретіні айтылды.
05 Наурыз, 2026
Ынтымақтастықтың іргелі негізі
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесіп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ серіктестікті одан әрі нығайтуға қатысты міндеттерге тоқталды.
05 Наурыз, 2026
Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ел азаматтарының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қымбат үйлеріне қатысты мәселені құқықтық тұрғыдан тексеруді сұрап, Бас прокуратураға ресми хат жолдауға ниетті. Әңгіме бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар мен олардың жақындарының иелігіндегі мүлік туралы болып отыр, деп жазады Egemen.kz
04 Наурыз, 2026
Тегін тамақтандыру: Мектептер онлайнға көшкенде кәсіпкерлердің шығынын кім өтейді?
Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының өкілі Екатерина Смолякова мектептердегі тегін ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде бюджет қаражатын жоспарлау мәселесін көтеріп, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. Талдау нәтижесі бірқатар өңірде қаржыны нақты қажеттіліктен артық жоспарлау фактілері бар екенін көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.
04 Наурыз, 2026
Ирандағы жағдай сауда қатынастарына қалай әсер етеді?
Былтыр еліміз Иранға бидай экспорттау жұмыстарын табысты аяқтаған болатын. Ал Ирандағы геосаяси жағдай сауда қатынастарына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады Egemen.kz.
04 Наурыз, 2026