Эдинбург университетінің ғалымдары көгерген наннан өнеркәсіпке отын жасаудың жолын тапты. Аталған жоғары оқу орнының «www.ed.ac.uk» сайтында зерттеушілердің гидрогенизация үдерісінде қазба отынынан алынған сутекті ауыстыру үшін нан қалдықтарын пайдаланатын микробиологиялық формуланы әзірлегені жазылған. Мұнда «E.coli» бактериялары тамақ қалдықтарынан қантты жеп, сутегіні шығарады. Бөлме температурасында катализатордың көмегімен гидрлеу басталады, бұл – азық-түлік, фармацевтика, пластмасса, басқа да күнделікті тауарларды өндіруде кеңінен қолданылатын химиялық реакция. Технология қоқыстарды полигондардан экологиялық таза шикізатқа айналдырады әрі сутегінен арылтады. Қазір ғалымдар әдісті толығымен жасыл технологияға айналдыру мақсатында металл катализаторын ауыстыруға әрекеттеніп жатыр.
Эдинбург университетінің профессоры Стивен Уоллес жаңалық туралы: «Гидрогенизация – қазіргі өндірістің үлкен бөлігінің негізі, бірақ бұл әлі де толығымен дерлік қазба отынынан алынған сутегіге тәуелді. Біз тірі жасушалар қалдықтарды шикізат ретінде пайдалану арқылы сутегіні тікелей өндіре алатынын, оны көміртегі теріс болатындай етіп жасай алатынын көрсеттік», деді.
Ғылымда ең маңыздысы – іргелі зерттеу арқылы жаңалықтың теориясын, тың технологиясын табу. Ал одан да қажеттісі – дайын технологияны өндіріске сәтті енгізіп, ел игілігіне пайдалану. Біз осының екіншісін жасай алсақ та жаман болмас еді-ау...