Қоғам • Бүгін, 08:50

Цифрлық дәуірдің елеулі құжаты

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елдің ең ірі телекоммуникациялық операторы – «Қазақтелеком» АҚ жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған ауқымды интерактивті телекөпір ұйымдастырды. Бұл іс-шара барлық өңірден қызметкерлерге нақты уақыт режімінде сұрақ қойып, реформалардың әр отандасымыздың өміріне әсерін талқылауға мүмкіндік берді.

Цифрлық дәуірдің елеулі құжаты

Фото: azattyq-ruhy.kz

Телекөпірге цифрлық және құқықтық реформалардың архитекторлары қатысты. Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жаңа нормалар аясындағы технологиялық тәуелсіздіктің әлеуетін түсіндірді.

– Жаңа Конституцияда азаматтар­дың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бүгінгі заманның сұранысы мен талабын ескере отырып, жан-жақты қамтылғанын баса айтуымыз қажет. Соның ішінде жаңа конституциялық құжатта азаматтардың жеке мәлімет­терінің қауіпсіздігіне құқықтық кепіл­дік­тер беріледі. Қазіргі уақытта әлем қар­қын­ды цифрлық өзгерістер кезеңіне қадам басты. Мемлекеттік қыз­меттер, қаржы операциялары, білім беру, ме­дицина және әлеуметтік қатынас­тар­дың басым бөлігі электронды форматқа көшті. Бұл азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, қызметтердің қолжетімділігін арттырғанымен, жаңа қауіптерді де қатар алып келеді. Осы­ған бай­ланысты цифрлық дәуірде дер­бес деректерді қорғау мәселесі ерек­ше маңызға ие болып отыр. Конс­т­и­ту­­циялық деңгейде дербес дерек­тер­­дің қорғалуына ерекше мән беру цифр­­лық кеңістікте қауіпсіз құқық­тық орта қалыптастырады. Сондық­тан әр аза­маттың бұл тарихи өзгеріс­терге ж­ауап­кершілікпен қарап, елдік, ме­м­ле­­кет­­шілдік ұстанымын танытуы әр­­қай­­сымыздың ел болашағына қосқан нақты үлесіміз болмақ, – деді Ж.Мәдиев.

Жалпы алғанда, цифрландыру үдерісін құқықтық тұрғыдан бекіту – болашаққа жасалған маңызды қадам. Ол елдің қауіпсіз дамуын қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын қор­ғау­ды жаңа деңгейге көтереді. Бұл бағыттағы өзгерістер Қазақстан қоғамының заманауи, қауіпсіз әрі әділетті болашағына жол ашады.

Мәжіліс депутаттары, қоғам қай­рат­керлері мен қатысушылар азамат­тардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жаңартуға бағытталған баптарды да егжей-тегжей талқылады.

– Жаңа Конституция – тек құқық­тық құжат емес, бұл мемлекеттің даму бағытын айқындайтын құндылық­тар жүйесі, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізі. Бүгін бекітілетін қағидаттар ертеңгі Қазақстанның келбетін қалыптастырады. Өйткені жаңа Ата заңдағы ұсынылып отырған барлық өзгеріс мемлекетіміздің саяси жүйесін жаңғыртып, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, құқықтық тәртіпті нығайтуға және отаншылдық идеяны күшейтуге бағытталған, – деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

«Қазақтелекомның» сандық инфра­құрылымы арқылы алыс аймақ­тар­дағы қызметкерлер де онлайн ре­жімінде қатысып, спикерлерге сұрақ қойды. Басым көпшілігі жаңа редак­циядағы жеке өмірге қол сұқпаушылық кепілдіктері, азаматтардың дербес де­рек­терін заңсыз жинаудан сақтау және пайдаланудан қорғау құқығы, сон­дай-ақ хат алмасу, телефон арқылы сөйле­су және банк салымдарының құ­пия­сы жөнінде сауал жолдап, ақпарат алды.

Телекөпір қорытындысында жаңа Конституция құқықтық сауатты арттыруға, инновациялық дамуды ілгерілетуге және мемлекет пен азаматтар арасында сенім мен ашық­тыққа негізделген сандық қоғам қалып­тастыруға жол ашатыны айтылды. 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:40