Референдум • Бүгін, 08:17

Ата заң жобасын қолдайтындар – 89 пайыз

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел азаматтарының 89,2%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Мұны Қазақстан қоғамдық даму институты әлеуметтанулық сауалнама не­гізінде анықтады. Зерттеу Мәдениет және ақпарат министрлігінің тап­сырысымен биыл 12-20 ақпан аралығында телефон арқылы 17 облысты және республикалық маңызы бар 3 қала – Астана, Алматы, Шымкентті қам­тыды.

Ата заң жобасын қолдайтындар – 89 пайыз

Іріктеме жиынтық көлемі – 1200 респондентті құрады. Байланыс стацио­нар­лық және мобильді телефон нөмірлері арқылы жүзеге асқан. Сауалнама ОСК-ның ресми хабарламасына сәйкес жүр­гізілген.

Алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы мен Ата заңның жобасын қолдау деңгейін зерделеу жөніндегі әлеуметтанулық сауалнама нәтижесінде отандас­та­рымыздың 81,8 пайызы елімізде референдум өткізу жоспарланып отыр­ғанын білетінін көр­сет­кен. Олардың 33,7%-ы референдум туралы анық хабардар болса, ал 48,1%-ы бұл туралы естіген, бірақ егжей-тегжей білмейтін көрінеді. Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум туралы ештеңе естімегендер үлесі – 17,1%-ды құрап отыр.

Сауалнамаға қатыс­қан­дар арасында жалпы хабар­дар­лық­тың жоғары көр­сет­кі­ші, оның ішінде референдум тура­лы естігендер үлесі Жамбыл (89,7%), Шығыс Қазақстан (87,8%), Қызылорда (89,1%), Батыс Қазақстан (88,1%) облысы мен Алматы қаласында (87,6%) жоғары.

Есесіне, жастар (44,8%) алдағы референдум туралы ақпаратқа қанық. Ал аға буын егжей-тегжейін білмесе де (51,7%) жалпы жоғары хабардар екенін көрсетті.

Сондай-ақ жаңа Консти­туция жобасы бойынша референдум өткізу туралы хабардарлық деңгейі респонденттердің білім деңгейімен де байланыс­ты. Азаматтардың білім деңгейі жоғары болған са­йын, хабардар болудың жалпы көрсеткіші де артады. Мәселен, жоғары білімі бар сауалнамаға қатысқандардың 86,7%-ы қандай да бір дәре­же­де референдум өткізу туралы естіген болса, орта арнайы, кәсіптік білімі бар сауалнамаға қатысқандардың 74,3%-ы референдум тура­лы хабардар.

ап

Телефон сауалнамасына қатысқан­дар­дың басым көпшілігі (76,9%) елдегі сая­си реформалар мен саяси өзгерістер туралы ақпаратты әлеуметтік желілерден (Tik-tok, Telegram, Instagram, Facebook, В Контакте және т.б.) алатынын көрсетті. Ал үштен бірі (33,3%) мұндай жаңалықтарды интернет-сайттардан біледі. Сауалнама қатысушыларының 20,5 па­йызы теледидарды ақпарат көзі ретінде атап өтті.

«Сіз Жаңа Конституция жобасы бойынша референ­дум­ғ­а қатысуды жос­парлап отырсыз ба?» деген сұрақ­қа респонденттердің басым бөлігі яғни 72,8 пайызы – оң жауап беріп, бұл олардың азаматтық парызы екенін атап өтті. Азаматтардың 17,9%-ы әлі референдумға қатысып-қатыспайтыны ту­ра­­лы нақты шешім қабыл­да­­­ма­ғанын жеткізді. Рес­понденттердің ішінде ре­фе­рендумға қатысуды мүл­дем жоспар­ла­ма­ған­дар – 9,3 пайыз.

Жоғары әлеуетті элек­торалдық бел­сен­ділік Түр­кістан (82,7%), Батыс Қазақстан (78,6%), Қарағанды (78,1%), Қызылорда (76,1%), Жамбыл (75,0%) және Солтүстік Қазақстан облысында (75,0%) байқалды.

Референдумға қатысуға ең жоғары дайындықты жас­тар (82,2%) мен 29-45 жас ара­лығындағы азаматтар (76,3%), сондай-ақ жоғары білімді (74,4%), жалпы орта білімді (75,0%) респонденттер көрсетті.

Алынған деректерге сәйкес, сауал­нама қа­­­тысу­шыларының 52,8%-ы жо­ба­­ны толықтай қол­дайтынын, ал 36,4%-ы жобаны қолдауға бейім еке­нін айтты. Ал түрлі себеппен жаңа Ата заң жобасын қол­да­май­тын немесе әлі таңдауын жасамағандар үлесі бар-жоғы – 10,8%. 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:40