Соңғы жаңалықтар
Қаржы • 06 Қаңтар, 2026
Қырғызстанда валюта айырбастау ережесі өзгерді: енді ақшаның қайдан келгені тексеріледі
Қырғызстанның айырбастау орындарында ірі көлемде валюта ауыстырғысы келетін азаматтардан қаражаттың қайдан алынғанын растау талап етілуі мүмкін. Бұл ереже Қырғызстан азаматтарымен қатар сол елде жүрген Қазақстан азаматтарына да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Қаңтар, 2026
2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджеттен қанша қаржы бөлінді?
Биыл әлеуметтік-еңбек саласына республикалық бюджеттен 6 трлн 833 млрд теңге қаржы бөлу көзделген. Бұл сома 2025 жылғы шығыстардан 15,1%-ға, яғни 897,7 млрд теңгеге артық, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 06 Қаңтар, 2026
Шығыс Қазақстан техникалық университеті Horizon Europe жеңімпазы атанды
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Horizon Europe бағдарламасының конкурстық іріктеуінде жеңіске жетті. Аталған бағдарлама – Еуропалық Одақтың ең ірі әрі жоғары бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық құралы саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Қаңтар, 2026
Венесуэлада президент резиденциясының маңында атыс болды
Венесуэла астанасы Каркастағы президент сарайының маңында атыс дыбыстары тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 06 Қаңтар, 2026
Ел теннисшілерінің әлемдік рейтингі жаңартылды
Теннисшілердің жаңартылған әлемдік рейтингінде Қазақстанның өкілдері арасында ең үздік нәтиже Елена Рыбакинаға тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Қаңтар, 2026
ERG, KIA, Mars: Қазақстанда өнеркәсіп локализациясы өсіп келеді
Ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада Қазақстан өндіруші секторға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға және транзитке баса ден қойған экономика ретінде қабылданып келгені рас. Бірақ 2020 жылдардың басынан бұл көзқарас өзгере бастады: көптеген халықаралық корпорациялар елге өткізу нарығы ретінде қарағанды қойып, өз өндірістерін осында орналастыруға көшті, жергілікті жеткізушілерді қолдай отыра, шығаратын өнім көлемін көбейтті. Нәтижесінде бұл ел біртіндеп экспортқа деген нақты амбициясы бар аймақтық өнеркәсіптік платформа ретінде қалыптасып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қаңтар, 2026
Жолда қалып қойған жолаушы құтқарылды
Ақмола облысы Целиноград ауданының Бірлік ауылы маңындағы «Астана – Қорғалжың» күре жолында көлік жол жиегіндегі орға түсіп кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 06 Қаңтар, 2026
Жаңғырудың ғылыми өзегі: Президент сұхбаты және Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты елдің қазіргі даму кезеңін сипаттайтын бағдарламалық саяси-қоғамдық құжат деуге толық негіз бар. Бұл сұхбатта Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа сапалық сатысына өту логикасын, институционалдық реформалардың өзара байланысын және ұзақмерзімді стратегиялық басымдықтарды айқын, прагматикалық тұрғыда көрсетеді. Ең бастысы, жаңғыру ұран ретінде емес, басқару жүйесін, қоғамдық сананы және шешім қабылдау мәдениетін түбегейлі өзгертуге бағытталған ұзақмерзімді үдеріс ретінде қарастырылады.
Пікір • 06 Қаңтар, 2026
Елдік мақсаттың айқын межелері
Әр жаңа жыл Мемлекет басшысының бағдарламалық сұхбатымен басталады. Онда өткен жылдың негізгі нәтижелері қорытындыланып, болашақ бағыт-бағдарымыз айқындалады. Қалыптасқан бұл тәжірибе кейінгі жылдары еліміздің саяси өміріне нық орнығып, қоғамдық диалог пен мемлекеттік мақсат қоюдың маңызды құралына айналды.
Пікір • 06 Қаңтар, 2026
ЖИ саласында көшбасшы болуға мүмкіндігіміз бар
Цифрландыру мен жасанды интеллект саласында Қазақстан бренд елге айналуы керек. Бұл бағытты мемлекеттің дер кезінде байқап, қазір соған сай стратегиялық шешімдер қабылданып жатқаны шын мәнінде қуантады.
Пікір • 06 Қаңтар, 2026
Стратегиялық дамудың бедерлі белесі
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл басында мерзімді баспасөзге сұхбат беруі саяси дәстүрге айналды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Turkistan» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлымен әңгімелесіп, еліміздің қазіргі ахуалына және алдағы даму бағдарына кеңінен тоқталды.
Пікір • 06 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы әр жылдың басында танымал ұлттық басылымға сұхбат беріп, қоғамды толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап қатуы – игі дәстүрдің жөні. Осыған дейін «Egemen Qazaqstan», «Ana tili» газеттеріндегі, биыл «Turkistan» басылымындағы Президент сұхбатының қай жағынан алсаңыз да мәні айрықша.
Экономика • 06 Қаңтар, 2026
Мұнай өңдеу зауытындағы жаңашылдық
Еліміздегі байырғы кәсіпорын – Атырау мұнай өңдеу зауытында жабдықтардың жұмысын бақылауға жасанды интеллект енгізілді. Бұл – цифрлық трансформация аясындағы қанатқақты жоба.
Пікір • 06 Қаңтар, 2026
Қазіргі заманда жаңалық көп, бірақ ой аз. Әлеуметтік желілер санаға жылдам әсер етеді, алайда терең пайымға жетелей алмайды. Осындай кезеңде баспасөздің, әсіресе сапалы газет-журналдардың миссиясы бұрынғыдан да айқындала түсті.
Экономика • 06 Қаңтар, 2026
Қаржы нарығы: доллар бағамы қандай болмақ?
Ресми күнтізбеміз жаңарған тұста, өткенді таразылап, алдағы жылға жоспар құру бұрыннан әдетіміз. Биыл қаржы нарығында қандай өзгеріс болатыны сала мамандарына ғана емес, қарапайым халыққа да маңызды. Әсіресе валюта бағамына елеңдейтіндер аз емес. Сарапшылар пікіріне жүгінсек, жылқы жылында төл теңгемізге қатысты нақты бір болжам жасау қиын. Өйткені доллардың бағамы бір ғана факторға емес, бірнеше ішкі-сыртқы жағдайларға тәуелді болмақ.
Саясат • 06 Қаңтар, 2026
Сенат депутаттарының өңірлерге сапары жалғасып жатыр. Ауыл-аймақ халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралаған сенаторлар өңірлердің басты мәселелеріне мән берді.
Саясат • 06 Қаңтар, 2026
Талдау мектебіне қатысушылар анықталды
Сенаттың қолдауымен жүзеге асырылатын қоғамдық жоба – Талдау мектебінің бесінші легіне қабылдау қорытындысы жарияланды. Жобаға қатысу үшін 1 000-нан аса үміткер өтінім жолдады. Конкурстық комиссия олардың арасынан 71 қатысушыны таңдап алды.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Кәсіпкерлерге «Халық бухгалтері» көмектеседі
Жылдың алғашқы айынан жаңа Салық кодексі күшіне енді. Осыған байланысты Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге салық есебін жүргізуге көмектесу үшін «Халық бухгалтері» акциясын іске қосты.
Жасанды интеллект • 06 Қаңтар, 2026
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Цифрлық елге айналуды мақсат еткен ел үшін бұл – стратегиялық жоспарды орындауға деген нақты қадам. Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында: «Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Бұл – қазіргі жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы. Халқымыздың ой-санасы мұндай инновацияларға дайын екеніне сенімдімін. Қазақстан да экономика мен қоғамдық өмірге жасанды интеллектіні енгізуге басымдық беріп жатыр. Еліміздің бұл жұмысқа қатысты бастапқы мүмкіндіктері жаман емес», деді.
Жоба • 06 Қаңтар, 2026
Стоматология жұмысын жүйелеген
«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы аясында жаңа буын компаниялар таныстырылып жатыр. Сондағы ерекше көзге түскен жобаның бірі – «MacDent». Бұл – стоматологиялық клиникаларға арналған аналитика, пациенттермен жұмыс және толыққанды басқару жүйесін ұсынатын платформа.
Саясат • 06 Қаңтар, 2026
Жұртшылықпен орайлы кездесу бастады
Жылдағы дәстүрге сай Мәжіліс депутаттары кеше кезекті мәрте өңірлерге шығып, сайлаушылармен кездесу өткізуге кірісті. Мәжілісмендер депутаттық сапарларын Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан бастады.
Ғылым • 06 Қаңтар, 2026
Күнтізбе парағы ауысқанда әркім жаңа жылды өз танымымен қарсы алады. Бірі жақындарына хабарласып алғыс айтады, бірі балалық шақтағы сәулелі сәттерін еске алады, енді бірі өткенге ой жүгіртіп, болашаққа жоспар құрады. Ал білім мен ғылым саласының өкілдері үшін жыл ауысуының мәні қандай, жаңа жыл қарсаңында олар кімге тілек айтып, жастарға қандай бағыт-бағдар ұсынады? Мереке кезінде ректор, университет деканы, ғылыми кеңесші және білім саласындағы кәсіпкердің жаңа жыл туралы ой-толғамы мен ақжарма тілегін ұсынып отырмыз.
Digital • 06 Қаңтар, 2026
Техникалық және кәсіптік білім жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуге арналған республикалық бағдарлама іске қосылды. Жаңа жоба Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім жүйесінде жасанды интеллект (AI) құралдарын қолдануға бағытталған.
Ғылым • 06 Қаңтар, 2026
2026 жыл – ел ғылымы үшін айтулы кезеңге айналмақ. Мемлекет басшысы былтыр «Қытай – Орталық Азия» саммитінде жоғары технологиялық болашаққа қадам басуда адам капиталы, мықты кадрлық әлеуеттің қажеттілігін атап өтті. Бұл қадам ғылым мен технологияға тың серпін береді.
Digital • 06 Қаңтар, 2026
Жаңа жыл алдында «Astana Hub» орталығы «Pizza Pitch-2025» байқауын қорытындылады. Оған іріктеуден өткен 11 команда қатысты. Олар өздерінің IT-жобасын инвесторлар мен сарапшыларға және кәсіби қауымдастық өкілдеріне таныстырды.
Руханият • 06 Қаңтар, 2026
Қазақта ардақты адамға қатысты айтылатын «текті» дейтін сөз бар. Ал Қытайдың ежелгі дао ілімінің негізін қалаушы Чжан Цзы: «Текті адамда үш қасиет болады. Біріншісі – арғы тегінен ажырамайды, екіншісі – рухани бастауынан бөлінбейді, үшіншісі – шындықпен бірге өмір сүреді», деген екен.
Тарих • 06 Қаңтар, 2026
2026 жылы Бакуде өткен түркітанушылар съезіне бір ғасыр толады. Бұл алқалы жиын өткен ғасырдағы түркі халықтарының ғылыми, мәдени және рухани тағдырына айрықша әсер еткен, тарихи салмағы аса үлкен оқиғаның бірі болды. Яғни бұл басқосуды түркі дүниесінің ғылыми тоғысы ретінде бағалаған дұрыс.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2026
Тұрақты өркендеудің үлгісіне айналған өңір
Түркістан облысы – жаңадан құрылса да, тұрмыс-тіршілігі жүйеленген, қай тұрғыдан алсаң да даму әлеуеті жоғары өңір. Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес, экономиканы әртараптандыру жүргізіліп, аз ғана уақытта бірқатар көрсеткіш бойынша республикада алға шығып жатыр.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Біз естияр кезімізден бастап ұстаздың, тәлімгердің ұжымдағы, қоғамдағы орнын сезініп, соларға қарап бой түзейміз. Кейін мамандық алып, оқытушыларымыздың ғылымдағы мәртебесін, жан дүниесін білген соң, көбіне құрметіміз артады.
Ғалам ғажаптары • 06 Қаңтар, 2026
1911 жылы Эдинбургтегі «Empire Palace» театрында спектакль жүріп жатқан кезде кенет түтін тұтап, өрт басталады. Бір қызығы, театр директоры дүрліккен жұртты бір сәтте сабасына түсіреді.