Соңғы жаңалықтар
Парламент • 13 Мамыр, 2026
Сайлау кезінде заң бұзғандарға жаза қатаңдатылады
Депуттаттар сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды. Бұл туралы Мәжіліс арнайы заң жобасы мен түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2026
Қызылорда медицина колледжінің 1-курс студентін жатақханада ұрып өлтірген
Қызылордадағы «Болашақ» медициналық колледжі жатақханасында бірінші курс студенті қаза тапты. Марқұмның туыстары оның өліміне жүйелі буллинг себеп болғанын айтып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 13 Мамыр, 2026
Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр
Алматы қаласында мониторинг нәтижесінде 1595 заңсыз стационарлық емес сауда нысаны анықталған. Бұл туалы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берікбол Мәндібаев қала әкіміне берген есебінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәселе • 13 Мамыр, 2026
Жезқазғандағы су мәселесі: Сағызша созылған «Үйтас-Айдос» жобасы
Жезқазған қаласы тұрғындарын, қала маңындағы елді мекендерді жерасты көздерінен келетін таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған стратегиялық жоба – «Үйтас-Айдос» су құбырының құрылысы ұзаққа созылып, күлбілтелі нысанға айналғаны баршаны алаңдатып отыр.
Футбол • 13 Мамыр, 2026
Серхио Рамос «Севилья» клубын сатып алды
Аты аңызға айналған қорғаушы Серхио Рамос «Севилья» клубының жаңа иесі атанды. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо X желісінде хабарлады, жеп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 13 Мамыр, 2026
Жас ғалым карьер жолдарының ақауын анықтайтын цифрлық мониторинг жүйесін ұсынды
Еліміздің тау-кен өнеркәсібі – ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Алайда өндірістегі тиімділік пайдалы қазбаның көлемімен ғана өлшенбейді. Бұл сала инфрақұрылымның сапасымен де тығыз байланысты. Атап айтсақ, карьер ішіндегі технологиялық жолдардың жағдайы – ауыр техниканың өнімділігі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор. Осы бағытта жас ғалым, инженер, PhD Әсем Ержанқызы Өтегенова тың ғылыми жобаны қолға алып отыр.
Парламент • 13 Мамыр, 2026
Мәжіліс Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігін тоқтатты
Мәжілістің жалпы отырысында Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Технология • 13 Мамыр, 2026
Еуроодақ балалардың әлеуметтік желіге кіруін шектеуді жоспарлап отыр
Еуропалық Одақ биыл жазда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге кіруін шектеу мәселесін қарастыруы мүмкін. Бұл туралы Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 13 Мамыр, 2026
ЖИ дәуіріндегі мектеп: Оқушыларға пайдасы мен қаупі қандай?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектепке жасанды интеллект технологияларын енгізу туралы тапсырмасы – кешенді реформа. Мектеп болашағына тікелей қатысы бар байыпты бастама. Өйткені бүгінгі білім саясаты енді жекелеген шешімдермен емес, сапалы білім, заманауи инфрақұрылым, мұғалім даярлығы, дерек қауіпсіздігі және балалардың тең мүмкіндігі біртұтас жүйе ретінде қарастырылатын жаңа деңгейге көтеріліп отыр.
Оқиға • 13 Мамыр, 2026
Алматыда 700-ге жуық суық қару мен тыйым салынған заттар тәркіленді
Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында заңсыз айналымнан 681 дана пышақ, кастет, дубинка және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де заттар тәркіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2026
Террористік қылмыс жасады деген күдікпен шетелден 4 азамат елге қайтарылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтарды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2026
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Ақбаянға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды
Атырау облысындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жары Ақбаян Мұқанғалиеваның өз отбасының өліміне қатысы жоқ екені анықталды. Бұл туралы Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Мамыр, 2026
Қамшыбек Ташиевтің ісі сотқа жолданды: Процесс жабық өтеді
Қырғызстанның бұрынғы ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиевке қатысты қылмыстық іс құпия түрде сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Мамыр, 2026
Қатар Премьер-министрі Иранға үндеу жасады
Қатардың Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мухаммед бин Абдулрахман Аль-Тани Иранды Ормұз бұғазы арқылы көрші елдерге қысым көрсетпеуге шақырды. Бұл туралы ол Дохада Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Мамыр, 2026
«Қазақмыстан» бір тоннадан астам жанармай ұрлаған топ ұсталды
Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпороциясының нысандарынан жанармай мен кен ұрлады деген күдікке ілінген қылмыстық топтардың әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Мамыр, 2026
Бұршақ жауып, күн күркірейді: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» мамандары 13 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстік өңірлерінде құбылмалы ауа райы сақталса, оңтүстік пен батыста күн жылынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 13 Мамыр, 2026
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 12 Мамыр, 2026
Қазақстан шахматының жаңа жұлдыздары: Сауат пен Зарина ел біріншілігінде үздік атанды
Сауат Нұрғалиев пен Зарина Нұрғалиева шахматтан Астанада өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Мамыр, 2026
Нидерландыда 12 медицина қызметкері хантавирусқа байланысты оқшауланды
Неймеген қаласындағы Радбауд университетінің медициналық орталығында хантавирусқа байланысты қауіпсіздік шарасы ретінде 12 медицина қызметкері карантинге алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2026
Маңғыстауда жартасқа жазу жазған ер адам 25 тәулікке қамалды
Маңғыстау облысында 21 жастағы ер адам табиғи жартасқа жазу жазғаны үшін 25 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2026
Алматы және Шығыс Қазақстан облысында 9-сынып оқушылары 14 рет жалған хабар таратқан
Алматы облысында терроризм туралы жалған хабар таратты деген күдікпен тоғызыншы сыныптың екі оқушысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Мамыр, 2026
Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Аталған құжат орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде жасанды интеллект технологияларын енгізуді көздейді. Сондай-ақ адами капиталды дамытуға және жасанды интеллект негізіндегі заманауи білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Президент • 12 Мамыр, 2026
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл еліміздің білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін стратегиялық шешім. Жаңа құжат – әрбір оқушының сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған маңызды қадам.
Форум • 12 Мамыр, 2026
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, «АМАНАТ» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мамандарының қатысуымен «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Тараз қаласында 15 жастағы жасөспірім Audi көлігімен полициядан қашу барысында, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Мамыр, 2026
Берн одағы: Астана халықаралық қаржы форумының орталығына айналды
Астанада экспорт несиелері мен инвестицияларды сақтандырушылардың ең ірі халықаралық бірлестігі саналатын Берн одағының көктемгі отырысы өтіп жатыр. Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылған ауқымды форум Қазақстанның халықаралық қаржы кеңістігіндегі рөлін тағы бір мәрте айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Жетісу облысының Қаратал ауданында полиция қызметкеріне қол көтерген жергілікті тұрғын екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 12 Мамыр, 2026
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллектті білім беру саласына енгізу – білім беру моделін терең әрі кешенді жаңғыртуға бағытталған мемлекеттің стратегиялық басым бағыты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Мамыр, 2026
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізуді білім беру саласының басым бағыты ретінде айқындайтын Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім – Қазақстанды заманауи цифрлық мемлекет ретінде дамытуға және жасанды интеллект саласында жоғары құзыретті, бәсекеге қабілетті адами капитал қалыптастыруға бағытталған стратегиялық саясаттың жалғасы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Мамыр, 2026
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Жарыс Исмаилия қаласында өтті. Барлық жүлде 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.