Әл-Тани Ормұз бұғазы халықаралық маңызы бар теңіз дәлізі екенін атап өтіп, оның қауіпсіздігі үнемі қамтамасыз етілуі тиіс екенін айтты.
«Бұл – үнемі қорғалып, қауіпсіздігі тұрақты түрде қамтамасыз етілуі тиіс халықаралық су дәлізі. Бұғаздағы қазіргі жағдай мен онда болып жатқан оқиғалар енді қайталанбауы керек», деді ол.
Өз кезегінде Хакан Фидан да Қатар тарапының ұстанымын қолдап, әлемдік мұнай мен газ тасымалының маңызды бөлігі өтетін Ормұз бұғазының тұрақтылығы халықаралық қауіпсіздік үшін аса маңызды екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынған болатын.
Нұрболат АМАНБЕК