Спорт • Бүгін, 18:56

Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Жарыс Исмаилия қаласында өтті. Барлық жүлде 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Фото: Olympic.kz

Ерасыл Саулебеков серпе көтеруде 199 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол қоссайыс қорытындысы бойынша 356 келі нәтижемен күміс жүлдеге ие болды.

Алихан Әскербай жұлқа көтеруде күміс, ал серпе көтеру мен қоссайыста қола медаль еншіледі.

Ал 65 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерсеит жұлқа көтеруде 131 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты. Бұл – қазақстандық ауыр атлетика үшін тарихи жетістік.

Еске салайық, стенд атудан Алматыда өткен  әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, әйелдер арасындағы «скит» жаттығуында топ жарған болатын.

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан дзюдошылары күміс медаль олжаласа, Ташкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы таеквондо бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі қола медальға қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар