Футбол • Бүгін, 11:03

Серхио Рамос «Севилья» клубын сатып алды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аты аңызға айналған қорғаушы Серхио Рамос «Севилья» клубының жаңа иесі атанды. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо X желісінде хабарлады, жеп жазады Egemen.kz.

Серхио Рамос «Севилья» клубын сатып алды
Ақпаратқа сәйкес, мәміле толық аяқталған және заңгерлер тарапынан ресми рәсімдеу жұмыстары күтіліп отыр. Рамос Five Eleven Capital компаниясымен бірге клубтың 80% акциясын сатып алу туралы келісімге келген. Мәміле құны шамамен 450 миллион еуро деп бағаланған.

40 жастағы футболшы – «Севилья» клубының түлегі. Ол негізгі команда сапында 2004-2005 жылдары және 2023-2024 маусымында өнер көрсеткен.

Серхио Рамос мансабында «Реал Мадрид» сапында Испания чемпионы, Чемпиондар лигасының 4 дүркін жеңімпазы атанды, сондай-ақ Пари Сен-Жермен құрамында Франция чемпионы болды.

Ұлттық құрама сапында ол 2010 жылы әлем чемпионы, ал 2008 және 2012 жылдары Еуропа чемпионы атанған.

Айта кетейік, бұған дейін Рамостың бұрынғы командаласы Лионель Мессидің Испания чемпионатының төменгі дивизионда өнер көрсететін UE Cornellà клубын сатып алған болатын.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар