ер
Спорт • 22 Сәуір, 2026
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Туризм және спорт министрлігі жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік үшін қосымша ақы алу тәртібін жариялады. Бұл мүмкіндік Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) және мамандандырылған спорт мектептері, сондай-ақ Олимпиадалық резерв мектептерінде қызмет ететін мамандарға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2026
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Ел астанасында Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді. Бағдарлама аясында өткізілетін шығармашылық және іскерлік іс-шаралар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 22 Сәуір, 2026
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Мәжілісте жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға енгізілетін өзгерістер талқылануы барысында депутат Азат Перуашев арнайы салық режимі бойынша бірыңғай мөлшерлеме енгізу мәселесін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Сәуір, 2026
Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Алматы қаласының 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Елімізде автомектептердің қызметіне жүргізілген тексерулер бірқатар өрескел олқылықты анықтады. Ішкі істер министрлігі заң талаптарын бұзған оқу топтарының жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Сәуір, 2026
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Астана қаласының әкімдігі 22 сәуірден бастап қаладағы жылу беру маусымы ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Шығыс Қазақстан облысында білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, полицияның ерекше бақылауына алынды. Бұл бастама оқушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Бюджет • 22 Сәуір, 2026
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
7 коллекторлық агенттікте жалпы сомасы 11,8 миллиард теңгеге кірістерді асыра көрсету фактілері анықталған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 22 Сәуір, 2026
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Елімізде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында электр желісі инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр. Қазірдің өзінде жаңғырту жұмыстары нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2026
Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Павлодар қаласында Ертіс өзені арқылы салынып жатқан ерекше көпірде тағы да өрт шықты. Бұл – жыл басынан бері осы нысанда тіркелген екінші өрт жағдайы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала көз жұмды. Қайғылы жағдай Н.Тлендиев көшесі, 44А мекенжайындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қазақстанда Германияда өндірілген HiPP балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталғаны туралы БАҚ-та жарияланған мәліметтерге байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Өмір бойы регресс төлемдерін тек бюджеттен қаржыландыру мүмкін емес, сондықтан аралас модель қарастырылып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қазақстанда тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет есебінен жабу бағдарламасына маңызды өзгерістер енгізілді. Жаңа ережелердің мақсаты – заңсыз қосалқы жалдау мен жалған тұру фактілеріне тосқауыл қою, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Жұмабекұлы мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі бірқатар күмәнді жайттарды айтты. Ол «Қазатомөнеркәсіп» пен «Самұрық-Энерго» компанияларына қатысты нақты сұрақтар қойып, тендерлердің ашықтығына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2026
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Моңғолия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолиямен ықпалдастықтың перспективті бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін көмекті жетілдіру мәселесі Үкімет деңгейінде қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, тиісті министрлікке нақты тапсырмалар жүктеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 21 Сәуір, 2026
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Ауа райының жылынуына және электросамокат пайдаланушылар санының артуына байланысты Астана қаласында рейдтік іс-шаралар күшейтілді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде 200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2026
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында жасанды интеллектке негізделген жаңа бейнебақылау жүйелері кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Елордада қолға алынған бұл бастама жүргізушілердің тәртібін күшейтіп және жол-көлік оқиғаларын азайтуға ықпал етіп, қала тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Бюджет • 21 Сәуір, 2026
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша төлемдер беру мерзімі қысқартылмақ. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды,Egemen.kz
Медицина • 21 Сәуір, 2026
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Қарағанды қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада 2024 жылы туған баланың қайтыс болуына байланысты медициналық көмек сапасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мен шағым негізінде басталған тексеру инфекциялық орталықтағы емдеу ісінің барлық кезеңін қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 21 Сәуір, 2026
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Қостанай облысында атом электр станциясын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Сәуір, 2026
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Қатар Азаматтық авиация басқармасы (QCAA) шетелдік әуе компанияларының рейстерін кезең-кезеңімен қайта жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Мүгедектігі бар жандарға арба мен протездер жалға беріледі: Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?
Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға арналған арбалар, протездер және өзге де техникалық оңалту құралдарын қайтарымды негізде, яғни жалдау арқылы беру жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Елімізде көлік саласын баршаға қолжетімді ету бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Үкімет отырысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған арнайы вагондарды кезең-кезеңімен енгізу және инфрақұрылымды бейімдеу мәселесі қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік жазатайым оқиға болып, кәсіпорын жұмысшысы мерт болды. Бұл туралы «Қазхром» ТҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Сәуір, 2026
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Қазақстанда мұғалімдерді аттестациялау тәртібі өзгеріп, пилоттық модель енгізіліп жатыр. Бұл туралы Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Сәуір, 2026
Авиаотын бағасының қымбаттауына байланысты АҚШ-қа әуе рейстері қысқарады
Әлемде авиаотын бағасының күрт өсуі әуе қатынасына әсер ете бастады. Air Canada АҚШ-қа бағытталған бірқатар рейстерін бірнеше айға қысқартатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2026
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Атырау облысында жыл басынан бері жалпы аумағы 5,1 мың гектар болатын 13 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл – өңірде пайдаланылмай жатқан жерлерді тиімді игеру бағытындағы жұмыстың нәтижесі, деп хабарлайды Egemen.kz.