м
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Министрлік интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жекелеген пайдаланушылар тарапынан интернеттің ұстамай қалуы бойынша қиындықтардың жүйелі сипатта болмағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда олимпиада жеңімпаздары мен үздік спортшылар марапатталды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен ауыл мектептерінің оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен спорт саласында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 05 Қаңтар, 2026
Желтоқсан айында сәбіз, қант және жұмыртқа бағасы төмендеді
2025 жылдың желтоқсан айында айлық инфляция деңгейі 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7%-ға, ал ақылы қызметтер 0,6%-ға өсті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2026
Қонаев тұрғындары мүлік құқы бұзылғанын айтып Мәжіліс депутатына шағымданды
Алматы облысына барған Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал демократиялық партия фракциясының мүшесі Асхат Рақымжанов Қонаев қаласының прокуроры Жәнібек Жақаевпен кездесті. Кездесуде «Қапшағай – Алтын Алма» тұтынушылық бақша кооперативінің (ТБК) төңірегінде біраздан бері жалғасып жатқан мүлік дауы, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым объектілерін басқарудағы заңсыз делінген кейбір әрекеттерге қатысты мәселелер талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қаңтар, 2026
Шымкентте сотталғандарды азаптаған түзеу мекемесінің үш қызметкері қамауға алынды
Шымкентте түзеу мекемесінің үш қызметкері сотталғандарды азаптау ісі бойынша күдікке ілігіп отыр. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Автокөліктер азаюы қажет: Экологтар алматылықтарға үндеу жасады
Эколог, ECO Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов тіпті ең заманауи автокөліктердің өзі ұсақ дисперсті шаңның көзі болып қала беретінін айтты. «Көлік аз болса, ауа таза болады», деп сарапшы Алматы қаласы тұрғындарын мүмкіндігінше қоғамдық көлікке немесе велосипедке отыруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қаңтар, 2026
Бурабайға кіру ақысы қымбаттады
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі 2026 жылдан бастап автокөліктер үшін кіру ақысының көтерілгенін хабарлады. Бұл шешім айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуімен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Қаңтар, 2026
1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер мен салық жүйесі өзгерді
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар ұлғаяды. Сонымен қатар қосылған құн салығының мөлшерлемесі өзгеріп, бірқатар салықтық жеңілдік қарастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Қазақстанда темекі өнімдері қымбаттады
Елімізде темекінің ең төменгі бағалары өсіп отыр. Бұл туралы Қаржы министрінің бұйрығында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Индира Рыстина: Озық ойлы ел боламыз десек, әр іске жауапкершілікпен қарауымыз керек
Саясаттанушы, ЕҰУ-дың сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – басқарма мүшесі Индира Рыстинаның айтуынша, Президенттің жыл басындағы сұхбаты ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты талапты айқын көрсетті. Мемлекет институционалдық негізді қалыптастырды, ендігі міндет – сол негізді нақты нәтижеге айналдыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Ел тұрғындары енді көлік нөмірін өздері таңдай алады
5 қаңтардан бастап ел азаматтары көлік нөмірін өз қалауынша таңдай алады. Бұл норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенмен, аталған қызмет бүгіннен бастап қолжетімді болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2026
Алматы облысында NEET санатындағы жастар саны азайған
Алматы облысында 2025 жылы жастарды қолдауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Жыл қорытындысы бойынша өңірде жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру, волонтерлікті қолдау және инфрақұрылымды жетілдіру бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 05 Қаңтар, 2026
Ел боксшылары Азия чемпионатына дайындықты бастады
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркістан облысында 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынына кірісті. Бұл туралы бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Атырау облысында 2 көлік өртенді: 60 жастағы жолаушы қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы 4 қаңтарда сағат 19:15-те республикалық маңызы бар Атырау-Орал автожолында, «Qazaq Oil» жанармай құю бекетінің маңында тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
ІІМ жүргізушілерге қойылатын «жаңа талаптар» туралы қауесетті жоққа шығарды
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде тарап жатқан аудиожазбаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Қаңтар, 2026
Эдмундо Гонсалес өзін Венесуэла президенті деп жариялады
Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Эдмундо Гонсалес өзін елдің заңды президенті деп мәлімдеп, қарулы күштерді өзіне бағынуға шақырды. АҚШ қолдауына ие болған саясаткер билікті басып алғандардың жауапқа тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент: Жемқорлықтан аулақ болуды балалардың құлағына жастайынан құйған жөн
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дербес мәртебесінің жойылуына қатысты қоғамдағы күмәнге нүкте қойды. Президенттің айтуынша, бұл қадам жемқорлықпен күресті әлсіретпейді, қайта оның тиімділігін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент БҰҰ-дағы жұмысына қайта оралуы туралы сыбысқа қатысты жауап берді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген мазмұнды сұхбаты жарық көрді. Сұхбат барысында Президент 2025 жылдың екінші жартысы Қазақстанның сыртқы саясаты үшін аса маңызды кезең болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы: Тарихи парадокстар бізде де аз емес
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында тарихқа деген көзқарасы, саясаттағы әзілдің рөлі және өткен дәуір тұлғаларының тарихи парадокстары туралы ой бөлісті. Президент тарихты танып-білу маңызды болғанымен, оны қазіргі саяси мүдделерге құрал етпеу керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң • 05 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік құпияны жария еткен түзеу мекемесінің бастығына сот үкімі шықты
Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, мемлекеттік құпия мәліметтерді жария еткен Павлодардағы №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Қаңтар, 2026
Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақтың танымал шахматшысы Бибісара Асаубаеваның өткен жылдың соңғы күндері Катардың астанасы – Дохада шахматтың блиц түрінен өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққанын бұған дейін де жазғанбыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 05 Қаңтар, 2026
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетіп, ел тарихындағы рекордтық көрсеткіштердің бірін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 05 Қаңтар, 2026
Бүгін − Қадыр Мырза Әлінің туған күні
Тұп-тура 91 жыл бұрын Оралдың Жымпиты ауылында қазақ поэзиясының интеллектуал ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі дүниеге келді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Қазақстан Азия үшін ет өнімдерінің ірі экспорттаушысы бола алады
Президенттің айтуынша, әлем елдерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығына қомақты қаржы бөледі, Қазақстан да солардың қатарында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 05 Қаңтар, 2026
2026 жылы қандай тақырыптарда кино түсіруге болады?
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2026 жылға арналған киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент Парламент төрағасы лауазымы туралы: Менің саяси қағидаттарыма қайшы
Бүгін «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды сұхбаты жарияланды. Сұхбатта Президент өткен жылды қорытындылап, ел көкейіндегі сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Тау шаңғысы туризмін дамыту үшін тың тәсілдер қажет
Бүгін Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген кең көлемді сұхбаты жарияланды. Президентке сұхбат барысында қойылған сұрақтардың бірі – туризм саласы туралы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол-көлік оқиғаларына қатысты ахуалдың біртіндеп жақсарып келе жатқанын айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде жол апаттарынан болған адам өлімі 9,4%-ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент әлеуметтік масылдықты қатаң сынға алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында әлеуметтік саясаттағы шектен тыс жеңілдіктер қоғамда масылдық психологияны қалыптастырғанын айтты. Президент бұл үрдіс әлеуметтік әділдікке нұқсан келтіріп, алаяқтыққа жол ашқанын атап өтіп, білім мен медицина саласындағы қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет екенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Әріп қатесін суқаным сүймейді: Президент сөйлейтін сөздердің мәтінін өзі қарайтынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында өзінің өмірлік ұстанымы мен мінез-құлқына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.