Мысалы, 14 ақпанда астаналық тұрғын бала арбасын қасақана зақымдағаны үшін сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды. Бұл әрекеті арқылы ол 30 мың теңгеге шығын келтірген. Тағы бір жағдайда 44 жастағы ер адам мас күйінде кафе есігінің әйнегін сындырғаны үшін 5 тәулікке қамалды.
«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады
Сонымен қатар, 11 қаңтарда 21 жастағы астаналық азамат «Toyota» автокөлігінің алдыңғы есігін қасақана зақымдағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.
Прокуратура елорда тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасау, айналасындағыларға дөрекілік көрсету және қоғамдық тәртіпті бұзатын басқа да заңсыз әрекеттер 30 тәулікке дейінгі әкімшілік қамақ түріндегі жазаға тартылуы мүмкін екенін ескертті.