Аймақтар • Бүгін, 15:57

Нанға жасырылған сәлемдеме: Өскеменде түзеу мекемесіне телефонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған азамат қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.

Нанға жасырылған сәлемдеме: Өскеменде түзеу мекемесіне телефонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Фото: gov.kz

Өскеменде 22 жастағы азамат смартфонды тергеу изоляторына жеке мақсатта пайдалану үшін тергеудегі досына беріп жіберуге тырысқан. Алайда оның әрекеті дер кезінде әшкереленді. Нанның ортасына жасырылған смартфонды қызметкерлер сәлемдемені тексеру кезінде тапты. Мекеме қызметкерлері тыйым салынған затты тәркіледі.

Қызылордада электронды білезігін үзіп тастаған сотталған түзеу мекемесіне қамалды

«Аталған факті бойынша мекеме қызметкерлері құқық бұзған азаматқа қатысты тергеудегі және сотталғандарға тыйым салынған заттарды кіргізуге және беруге жол бермеу туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды», делінген ІІМ Қылмыстық-атқару комитеті таратқан хабарламада.

Жетісу облысында түрмеден шартты түрде босатылған азаматқа үй берілді

Соңғы жаңалықтар