и
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр
Нахчыван әуежайының аумағында ирандық дрон құлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаға қатысты кадрларды APA агенттігі Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Телеграмда скинхедтер чатын құрған жасөспірім жазаланды
Семей қаласында кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздықты тудырғаны үшін кінәлі деп танылып, оған сот үкімі шықты. Бұл туралы Абай облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?
Ақ үй өкілдері АҚШ тарапынан бейбіт тұрғындарға соққы жасалмағанын мәлімдеді. Олар Минаб қаласында болған трагедияның мән-жайы зерттеліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2026
Өмір сүру сапасы рейтингі жарияланды: Қазақстан қаншасыншы орында тұр?
Халықаралық Numbeo дерекқоры 2026 жылға арналған әлем елдеріндегі өмір сапасы индексінің жаңартылған рейтингін жариялады. Зерттеуде түрлі мемлекеттердегі азық-түлік, мейрамхана қызметі, көлік, коммуналдық төлемдер және күнделікті шығындардың бағасы салыстырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 05 Наурыз, 2026
«Сусағанның түсіне су кіреді»: Әлихан Бөкейханов қазақ қоғамының саяси бейнесін қалай сипаттады?
Бүгін қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, ұлт азаттығы жолындағы күрестің көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толып отыр. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқы үшін күрделі әрі шешуші кезеңде елдің ертеңі үшін күрескен тұлға өз еңбектерінде халықтың саяси құқықтары, жер мәселесі, ұлттық теңдік туралы батыл пікірлер айтты. Мақалаларында патшалық биліктің отаршыл саясатын сынап, қазақ халқының мүддесін қорғады. Бөкейхановтың қазақ қоғамының саяси жағдайын ашып көрсететін маңызды публицистикалық еңбегінің бірі − «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 30 қарашадағы санында жарияланған «Сусағанның түсіне су кіреді» мақаласы.
Саясат • 05 Наурыз, 2026
Иранда жұмыс істеп жүрген 34 отандасымыз эвакуацияланды
Қазақстанның Армениядағы елшілігінің көмегімен Ирандағы Заркух алтын өндіру кәсіпорнында жұмыс істеп жүрген 34 азаматымыз Арменияға эвакуацияланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Төрт бірдей туысын өлтірген күдіктінің бұрын сотты болғаны белгілі болды
Ақмола облысының Жібек жолы ауылында өз отбасын өлтірді деп айыпталған күдікті бұрын сотталған болып шықты. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2026
Терезеден сығалап, мазасын алған: Атырау облысында сталкинг туралы жаңа бап негізінде үкім шықты
Қазақстанда Қылмыстық кодекстің жаңа 115-1 бабы – сталкинг бойынша алғашқы сот үкімдерінің бірі жарияланды. Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны бейтаныс әйелді жүйелі түрде аңдығаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Наурыз, 2026
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемдік рекордты жаңартты
Михаил Шайдоров Миланда Олимпиада тарихындағы ең жоғарғы бағалау көрсеткішіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 05 Наурыз, 2026
Бүгін – Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл
Бүгін азаттық жолында айнымай еңбек еткен мемлекет қайраткері, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туған күні, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 05 Наурыз, 2026
Ботай мәдениетіне арналған фильм түсіріліп жатыр
Петропавл қаласында Ботай мәдениетіне арналған «Ботай. Ғайып ғалам» атты фильм түсіріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 05 Наурыз, 2026
Миллиардер Шухрат Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды
Миллиардер Шухрат Ибрагимов «Тобыл» футбол клубының бас құрылтайшысы болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
735 мың теңге: Қазақстанда жаңа айыппұл пайда болуы мүмкін
Қазақстанда жеке детективтердің қызметін реттейтін жаңа заң жобасы қарастырылып жатыр. Мәжіліс депутаттары жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады. Құжатта заң талаптарын бұзғаны үшін жеке мамандарға да, бизнес субъектілеріне де айыппұл салу қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 05 Наурыз, 2026
66 млн теңге шығын: Стоматологиялық клиниканың «Damumed» арқылы жасалған алаяқтығы әшкере болды
Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілген стоматологиялық қызметтерге қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Түркия президенті Иран зымыранының жойылуына қатысты пікір білдірді
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Иран аумағынан елдің әуе кеңістігіне қарай ұшырылған баллистикалық зымыранға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2026
Шымкентте көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды
Шымкент қаласы «Студенческий городок» шағын ауданындағы бір подъезде төрт адамның мәйіті табылды. Қалалық полиция қайғылы оқиғаға газ иісінен улану себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Тақ мұрагерімен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 04 Наурыз, 2026
Мұз айдынындағы жаңа үміт: Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев туралы не білеміз?
24-29 наурыз аралығында Чехияның Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиададан кейінгі маңызды бәсеке – әлем чемпионаты өтеді. Жаһанның ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары тартысқа түсетін дүбірлі додада Қазақстан атынан ерлер арасындағы жекелей сында – Диас Жиренбаев, әйелдер арасында Италияда өткен ХХV қысқы Олимпиадада үздік ондыққа енген – Софья Самоделкина өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Наурыз, 2026
Рустам Әли Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рустам Әли мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2026
SCAT әуе компаниясы Маскаттан 314 жолаушыны елге жеткізді
SCAT Airlines әуе компаниясы DV5361 рейсін Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейсті сәтті орындады. Boeing 767 әуе кемесімен Қазақстанға 314 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 04 Наурыз, 2026
Депутат Ирандағы балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айна Мусралимова қақтығыс салдарынан зардап шегіп жатқан Ирандағы балалалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, оған қатысушы тараптарды парасаттылық танытып, балалар мен аналардың амандығы үшін бейбіт келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек бастауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 04 Наурыз, 2026
Азаматтардың 90%-ға жуығы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум қарсаңында халықтың хабардарлық деңгейі мен жаңа Конституция жобасына деген көзқарасын анықтау мақсатында әлеуметтанулық телефон сауалнамасын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 04 Наурыз, 2026
Шетелдегі соғысқа азаматтарды тарту: Депутат заңнаманы қайта қарауды ұсынды
Әлемдегі геосаяси шиеленіс күшейген сайын шетелдегі қарулы қақтығыстарға азаматтарды тарту әрекеттері де жиілеп барады. Мәжіліс депутаты Жанарбек Амантайұлы бұл мәселе бойынша Бас прокурор Берік Асылов пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына депутаттық сауал жолдап, Қазақстан заңнамасын қайта қарауды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Наурыз, 2026
Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қызметі мен соңғы екі жылда жүзеге асырған негізгі инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларының қорытындылары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Ермұрат Бапи: Әлемде саяси ахуал ушыққан тұста жаңа Конституция жобасының маңызы арта түсті
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бапи жаһанда саяси ахуал ушығып тұрғанда Қазақстан өзі таңдаған жолынан таймай, ел қауіпсіздігі үшін батыл бастамаларға бет бұруға тиіс екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Енді көліктің техникалық паспортын Kaspi.kz арқылы ауыстыруға болады
Жаңа онлайн сервисті Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-өндірістік орталығы, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Kaspi.kz командасымен бірлесіп әзірлеген, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 04 Наурыз, 2026
«Реал» тағы да бапкер ауыстырады
Пепе Альварестің мәліметінше, «Реал Мадрид» клубы бапкерлік құрамға қатысты нақты шешім қабылдаған. 6 наурыз күні өтетін Сельта командасына қарсы кездесуден кейін Арбелоа ресми түрде қызметінен кетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2026
Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты
Қарағанды облысында жаңа Конституцияның жобасы Брайль қарпімен жарық көріп, көпшілік назарына ұсынылды. Ерекше басылым облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада таныстырылды. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып, ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 04 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазындағы шектеулер отандық ауыл шаруашылығына қалай есер етеді?
Әлемде география саясаттан да, экономикадан да ықпалды болатын жағдай кездеседі. Соның бір айғағы – Ормұз бұғазы. Бұл тар теңіз өткелі жай ғана көлік дәлізі емес. Мұнда энергия, химия өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы тізбектері түйіседі. Сондықтан Ормұздағы кез келген тұрақсыздық тек мұнай бағасын ғана емес, тыңайтқыш пен азық-түлік құнын да бірге қозғай алады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 04 Наурыз, 2026
«Бәйтерек» холдингі 300 млрд теңгеден асатын 144 жобаны мақұлдады
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды. Жиында бірқатар көрсеткіштердің орындалуы кешеуілдеп отырғаны айтылып, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеген лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі қаралатыны ескертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.