Соңғы жаңалықтар
Білім • 28 Қараша, 2025
Оқушылардың ғылымға ынтасын арттырады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалардың ерте жастан ғылымға қызығушылығын арттыру, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаевпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Ғалам ғажаптары • 28 Қараша, 2025
Ресейлік «Neiry» компаниясы көгершіндердің ұшу бағытын имплантталған нейрочип арқылы басқаруға мүмкіндік беретін технология таныстырды. Мұндай биодрон-көгершіндер нысандарды әуеден бақылап, бейнені тікелей эфирде жібере алады.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Сағатына 235 тоннаға дейін жоғары сапалы асфальт-бетон өнімін шығаратын заманауи қос асфальт-бетон зауыты бар «ДСК Приоритет» компаниясын нәп-нәзік Жанна Кенжина басқарады. Үлкен ұжымда 300-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Олар барлық жағдайы жасалған жұмысшы қалашығында тұрады.
Басылым • 28 Қараша, 2025
Мемлекеттік БАҚ: міндетіне мәртебесі сай ма?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» тұжырымдамасында ішкі саясаттың басым бағыттарының бірі ақпараттық саясат екені атап көрсетіліп, оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ағартушылық, ғылыми-танымдық және тәрбиелік мәні бар сапалы контентті дамыту, мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара байланысын жетілдіру, журналистік этиканың жалпыға ортақ қағидаттарын дәріптеу, ақпарат кеңістігіндегі кез келген заңсыз әрекеттің таралуына қарсы іс-қимыл жасау, деструктивті идеологияның және үгіт-насихаттың, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу, масс-медиа саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру міндеті қойылды. Бұл ретте, әсіресе, мемлекеттік БАҚ-қа жүктелетін жауапкершілік зор екені анық.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Әлемнің газетке көзқарасы ерекше
Интернеттің кең таралуымен газет, журналдардың тиражы төмендей бастады. Тіпті газеттің қағаз түрі енді шықпайды деген болжам да айтылып жүр. Бірақ классикалық газет-журнал құрдымға кетсе, білімсіз ұрпақ қалыптасатынын түсінген әлем елдері дәстүрлі БАҚ-ты «құтқаруға» кірісті. Баспа индустриясының ел дамуына қосатын маңызын терең түсінетін елдің үкіметтері мерзімді басылымдар секторына жыл сайын қомақты қаражат бөліп, түрлі деңгейде қолдау көрсетіп жатыр. Мәселен, мерзімді басылымдарға мемлекеттік қолдау қажеттілігін Еуропа Кеңесі өткен ғасырдың 70-жылдары-ақ мақұлдаған.
Білім • 28 Қараша, 2025
География пәнін оқытудағы жүйесіздік
Мектепте география пәні өз деңгейінде оқытылмай келеді. Түйткілді мәселеге алаңдаған 500-ге жуық мұғалім Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға ашық хат жолдады. Хатта ұстаздар орта білім жүйесінде іске асып жатқан ауқымды реформа кезеңінде география пәнінің оқытылуына қатысты әрі оқу жоспарына енгізу туралы ұсынысын жеткізді. Айтылған мәселеге орай министр Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мамандарымен жиын өткізді. Осы жиында педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры, Географиядан республикалық атаулы мектеп жетекшісі Ұлжалғас Есназарова қордаланып қалған бірқатар мәселені айтып берді. Ендігі кезекте ұстаздар қауымы география пәнін оқыту жүйеленеді деп үміттеніп отыр.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Агроөнеркәсіп кешені заманауи технологияның арқасында ілкіден қалыптасқан түсінігімізді түбегейлі өзгертіп, жаңа белеске жол салып отыр.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ тілін және технологиялық үрдісті қолдау үшін үлкен тілдік модель (LLM) әзірлеу» жобасы аясында ана тілімізді цифрлық ортаға бейімдеумен айналысып жүрген жетекші ғалымдар, инженерлер мен зерттеушілердің басын қосқан жиын өтті.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Осыдан 110 жыл бұрын, 1915 жылдың 9 қарашасында Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқыған қазақ шәкірттер «Садақ» қолжазба журналының алғашқы санын шығарды. «Садақ» журналы туралы алғашқы мағлұматтарды қалың оқырманға Қайыржан Бекхожин мен Тұрсынбек Кәкішев таныстырды.
Сұхбат • 28 Қараша, 2025
Өзгежан Кесиджи-Аюби: Алаш қозғалысы Батыста да зерттеліп жатыр
Еуропаның төрінде өмірге келсе де, ата-анасы баяндаған ұлтының аңыз-әңгімелерін, ертегілерін естіп өскен ұрпақ бәрібір қай жағынан болсын қазаққа бүйрегі бұрып тұрады екен. Әдетте бұны біз тектілік деп бағалаймыз. Әне, сондай тегіне тартқан жастың бірі – Өзгежан Кесиджи-Аюби. Ол әуелде өлең жазып көзге түскен ақын еді. Кейін жоғары оқу орынына түскен соң, Алаш қозғалысын зерттеп, Ирландияда докторлық қорғады. Жуықта Өзгежанмен уақыт тауып, шағын сұхбат құрдық.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Адам рухы көтерілмей алшаң баса ала ма, білмеймін. Кісі баласын адам атты ардақты атқа жеткеріп, өнер мен мәдениет жасаушы тұлғаға айналдыратын сана-сезімі мен жасампаз рухы шығар. Ол да ананың әлдиі мен бесік жырынан басталған әдебиет атты ұлы арнадан қуат алып, жаңғырып тұрмаса әртүрлі замананың тосқауылы мен сын-елегінен әлсіреп, солғын тартады. Ондайда халық рухын тас қайраққа жанығандай рух беретін тұлғалар шығармасы көмекке келеді.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Жазушы ең сүйікті шығармасын алдымен санасына (ой қағазына десек те болады) жазады. Содан кейін әбден жетіліп, кәдімгі қағаз бетіне түседі. Бұл шынайы шығармашылықта қалыптасқан әдістің бірі. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абай жолын» жазу мақсатында сан жылдар бойы материал жинап, ауыл ақсақалдарымен ақылдасып, аңыз-әңгімелерді санасында тербетіп, соңында ұлы шығарманы өмірге әкелді.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Өз Доуэльдерімізді қашан жоқтаймыз?
Бала кезде фантаст жазушы Александр Беляевтің шығармаларын көздің майын тауысып қызыға оқитынбыз. Сол туындылардың ішінде «Профессор Доуэльдің басы» атты роман ерекше есімізде қалған еді. Жуырда сол кітапты қайта оқып шықтық. Сөйттік те, соңғы отыз жылдықта қарым-қабілеті мен білім-білігін халқына арнай алмаған өзіміздің Доуэльдердің алтын бастарын аядық.
Экономика • 28 Қараша, 2025
Сыр өңірі экономиканың күретамыры саналатын отандық жол инфрақұрылымын жетілдіруде тағы бір жетістікке қол жеткізді. Еліміздің оңтүстігін орталықпен байланыстырып тұрған «Қызылорда – Жезқазған» жолы пайдалануға беріліп, Сыр мен Арқа арасы жақындай түсті.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Дәстүр мен технологияны тоғыстырған сән өнері
Әйгілі академик Әлкей Марғұланның «Қазақ халқы кілең ою-өрнек ортасында өмір сүреді» деген пайымын байыптасақ, еліміз үшін ұлттық ерекшелік қашанда басты орында екені айқындала түседі.
Ғалам ғажаптары • 28 Қараша, 2025
Камчаткадағы тас жолдардың бірінде мыңдаған солтүстік бұғыларының үдере көшіп бара жатқаны көзге түсті.
Спорт • 28 Қараша, 2025
Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы: Жастарға үлгі болғанымды мақтан тұтамын
Қанат Ислам кәсіпқой боксқа оралмағалы үш жылдың жүзі болды. Әуесқойдан кәсіпқой боксқа өріс ауыстырғалы 29 жекпе-жек өткізіп, бір рет жеңіліп, бір қарсыласымен тең түсті. Қалған айқасының барлығында жеңіске жетті. Өзі айтпақшы, «басын тауға да соғып, тасқа да соға жүріп» WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin һәм WBA Fedecaribe белбеулерін иеленді. Көптен бері көрінбей кеткен саңлақты сөзге тартып, алдағы жоспарын сұраған едік.
Футбол • 28 Қараша, 2025
Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі кезекті матчын өткізді. Сырт алаңда Данияның «Копенгаген» клубымен тартысқа түсіп, есе жіберді.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Атырауда Мұстафаның көшесі бар
Тәуелсіздіктің елең-алаңында шетелдегі жайлы қонысын тастап, атамекеніне атбасын бұрған қайсар қазақтың бірі – Мұстафа Өзтүрік. Сол кезде оның бастамасымен еліміздегі таеквондо мектебінің бірі Атырауда ашылған еді.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Атырау облысында 2 мектептің оқушылары сабақты қашықтан оқуға жіберілді. Ал 2 балабақшаның жұмысы уақытша тоқтатылды. Бірақ бұл тұмауға байланысты емес.
Ауа райы • 28 Қараша, 2025
Ауа райын болжаушылар Ертіс-Баян өңірінде келесі жылдың ақпан, наурыз айлары әдеттегіден 2 градусқа жылы болады деп болжап отыр. Бұл жазғытұрым қардың күрт еруіне әкеліп, су тасқыны мезгілін күрделендіре түсуі ықтимал.
Сатира • 28 Қараша, 2025
Шетелдердегі кейбір оқыс оқиғаларды естіп, өзіміз шүкіршілік айтамыз. Әнебір өркениеті дамып, көш ілгері кеткен елдегі кешегі бір оқиға...
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Атыраудағы гарнизонда бірнеше әскери бөлім бар. Соның бірі – 41433 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Айдос Бекболсынов қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды.
Шахмат • 28 Қараша, 2025
Қостанайлық ерлі-зайыпты Вразовскийлер шахматтың ұлттық үлгідегі нұсқасын жасап шығарды. Алексей мен Александра жұмыстан бос уақытта 3D өлшемді баспада сан алуан цифрлық модельдер, түрлі мүсіншелер мен фигуралар жасайды.
Кино • 28 Қараша, 2025
Таллин қаласында өткен «Қара түндер» (Tallinn Black Nights Film Festival, PÖFF) халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында отандық «Победителей видно на старте» (Becoming) фильмі беделді марапатқа ие болды. Фильмнің режиссері әрі продюсері Жаннат Алшанова «Копродукция» санатында «Ең үздік Балтық өңірі продюсері» жүлдесін иеленді.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
«Ауыл» партиясы республикалық «Ауыл нақыштары» фотобайқауының қорытындысын жариялады. Еліміздің дәстүрлерін сақтау мен насихаттау мақсатында өткен байқау ауыл өмірінің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосқан мәдени жоба болды. Осы орайда талай талапты бақ сынасқан дүбірлі додада «Egemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі Ерлан Омар жүлделі болғанын айта кетейік.
Саясат • 28 Қараша, 2025
Халықаралық маңызы бар құжаттар мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар су қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заңды, сондай-ақ «Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы туралы» келісімді қарап, мақұлдады.
Саясат • 28 Қараша, 2025
Ынтымақтастықты кеңейтуге ынталы
Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған Қазақстан делегациясы Ташкент қаласында өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» үшінші экономикалық форумына қатысты.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Beeline, Tele2 және Altel абоненттік ақыны қымбаттатынын мәлімдеді
Қазақстанда үш ірі ұялы байланыс операторы – Altel, Tele2 және Beeline интернет пен байланыс қызметтерінің тарифтерін қымбаттататынын хабарлады. Өзгерістер 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
Танымал спорт журналисі өмірден өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі тележурналист Диля Ибрагимованың өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.