Поэзия • Бүгін, 18:25

Мұқағали рухына арналған тағылымды кеш өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы №100 мектепте қазақ поэзиясының алып тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған рухани кеш ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Мұқағали рухына арналған тағылымды кеш өтті

Тағылымды іс-шараға ақынның туған өлкесі – Қарасаз ауылындағы музейдің қалыптасуына зор еңбек сіңірген мұқағалитанушы ғалым Жұмаш Өтеевтің жұбайы, алтын алқа иегері, ардагер ұстаз Тілеухан Мергенбаева және қызы Арай Жұмашқызы арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Аққу әйгілеген ақиқат

Кездесу барысында Қарасаздағы музейдің ашылу тарихы, «Қарасаз феномені» ұғымы, сондай-ақ Мұқағали мұрасының бүгінгі таңда зерттелу деңгейі секілді маңызды тақырыптар кеңінен сөз болды.

мұқағали

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылынан арнайы Астанаға келген Тілеухан Мергенбаева ақынмен жүздескен сәттерінен сыр шертіп, ел біле бермейтін тың деректер мен жүрекке жылы естеліктерімен бөлісті.

Ақиық ақынды шетел оқырманы қалай бағалайды?

Кеш аясында мектеп оқушылары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындап, ақын рухына құрмет көрсетті. Сонымен қатар, №100 мектептің 9 «ә» сынып оқушысы Тұрсыналы Мейірман Жұмаш Өтеевке арналған арнауын оқып, көрермен көңілін толқытты.

Ұлы поэманың бір беті

Тағылымға толы бұл кеш жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, Мұқағали поэзиясының мәңгілік құндылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар