Логистика • Бүгін, 16:21

Қазақстан Қытай арқылы транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел атанды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз халықаралық автомобиль тасымалдарының географиясын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. 2025 жылы ел 42 мемлекетпен үкіметаралық келісімдер жасасып, автотранзит пен экспорт-импорт бағыттарын әртараптандыруға нақты қадам жасады. Бұл шешімдер отандық тасымалдаушылардың сыртқы нарыққа шығуын жеңілдетіп, өңірлік логистикадағы Қазақстанның рөлін күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Қытай арқылы транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел атанды

Атап айтқанда, Түркіменстан және Иран бағытында рұқсат етілмеген тасымалдау жүйесі енгізілді. Бұл жүк көліктерінің қозғалысын жеделдетіп, әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік берді. Ал Түркиямен уағдаластыққа қол жеткізілуі Таяу Шығыс пен Еуропаға шығатын дәліздердің әлеуетін арттырды.

Транзиттік серпін: Қазақстан көлік жүйесінің жаңа кезеңі

Қазақстан автотранзит саласында тағы бір маңызды нәтижеге қол жеткізді. Ел Қытай аумағы арқылы транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы мемлекет атанды. Сонымен бірге ҚХР және Өзбекстанмен бірлесіп, шетелдік рұқсат бланкілерінің 65%-ы цифрлы форматқа көшірілді. Бұл тасымал рәсімдерінің ашықтығын арттырып, уақыт пен шығынды қысқартуға жол ашты.

Басқа басылымдардан: Қазақстан негізгі транзиттік дәліздерді дамытып жатыр

Нарықтағы тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында ел аумағында жүк көліктерін цифрлы өлшеу жүйесі енгізіліп жатыр. Қазірдің өзінде айыппұлдарды автоматты түрде рәсімдеу жүйесімен біріктірілген 73 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылған. Бұл артық жүктеме мен жол инфрақұрылымына келетін залалды азайтып, тасымал саласындағы әділ бәсекені қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанның транзиттік әлеуеті қалай өзгерді?

Қабылданған шаралар халықаралық автотасымалдың институционалдық негізін нығайтып қана қоймай, Қазақстанды өңірлік логистикалық хаб ретінде орнықтыруға қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

Ерлік пен тарих

Тағзым • Бүгін, 21:32

Қатар төріндегі қазақ рухы

Мәдениет • Бүгін, 19:12