Фото: Oqu-agartu ministrligi
Үздік 5 жобаның қатарына енді
Байқау Еуропалық оқыту қорының (European Training Foundation – ETF) ұйымдастыруымен өтті. Педагогтер «Заманауи білім беру бағдарламаларының жасыл технологияларды дамытудағы рөлі» тақырыбындағы авторлық жобаларын ұсынып, жаңартылатын энергия көздерін оқу үдерісіне жүйелі енгізудің тетіктерін көрсетті. Сонымен қатар болашақ мамандардың экологиялық құзыреттілігін арттыру жолдары жан-жақты негізделді.
Халықаралық жобаға әлемнің 50-ден астам елінен 250-ден аса үміткер қатысып, іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды. Барлық кезеңдерден сүрінбей өткен маңғыстаулық педагогтер өз жобаларын халықаралық сарапшылар алдында жоғары кәсіби деңгейде қорғап, үздік 5 жобаның қатарына енді.
Қазақстан мен Қытай су саласының мамандарын даярлайтын колледж құрады
Жеңімпаздар марапатталды
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Италияның Турин қаласында өтті. Салтанатты жиын Турин политехникалық университетінде ұйымдастырылған «Еуропалық одақ – Италия энергетика күндері: энергетикалық ауысуды қамтамасыз ету және нығайтуға арналған жаңа іс-қимылдар» атты халықаралық конференция шеңберінде өтті. Биылғы марапаттау «Green Skills» сыйлығының 5 жылдық мерейтойына арналды.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, педагогтердің бұл жетістігі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жасыл дағдыларды дамытуға бағытталған ұлттық бастамалардың тиімділігін айқын көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан колледждерінің халықаралық білім кеңістігіндегі беделін арттыруға ықпал етеді.