Аймақтар • Кеше

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде Конституциялық реформа барысын түсіндірді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) ел өңірлерінде Конституциялық реформаны түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр. Азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістер, жаңашылдықтар және құжаттың нормативтік бөлігіне енгізілетін түзетулер туралы ақпарат беріліп, тұрғындардың да ұсыныстарына назар аударылып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде Конституциялық реформа барысын түсіндірді

Фото: halykpartiyasy.kz

ҚХП Абай облысы, Ақсуат аудандық өкілдігінің басшысы Қайрат Қайырбаев жергілікті партия белсенділерімен «Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық тірегі» тақырыбында пікірталас өткізді.

Пікірталас барысында жаңа Конституцияның еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөлі, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды күшейтудің маңызы, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруде алатын орны талқыланды.

Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

Жиынға қатысушылар Конституциялық реформа қоғамның дамуына қаншалықты ықпал ететіні жөнінде пікір алмасты. Басқосу барысында азаматтардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді.

аа

«Біз ашық әрі сындарлы диалог алаңын қалыптастырдық. Мұндай пікірталас партия мүшелерінің азаматтық белсенділігін арттырып, қоғамда болып жатқан оқиғаларға жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді», деді партия өкілдері.

ҚХП Қызылорда облыстық филиалы «Конституциялық реформа – ел болашағына жасалған жаңа қадам» деген ұранмен жаңа Конституцияның жобасына арналған кеңес өткізді. Іс-шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Қосбергенова, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және бақылау бөлімінің басшысы Еркін Тәжікенов, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Дәулет Омаров, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Динара Серікқызы және қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Медет Жорабек қатысты.

Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

ппп

Басқосу барысында құжатқа енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды. Сарапшылар Конституциялық реформа қоғамдағы әділеттілікті нығайтуды, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруды және азаматтық белсенділікті күшейтуді көздейтінін атап өтті. Сонымен қатар құжатта азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғауға басымдық берілгенін тілге тиек етті.

«Талқылау партиялық құрылымдардың үйлесімді жұмысын күшейтуге, ортақ мақсатты нақтылауға және жүзеге асырылып жатқан реформаны тиімді іске асыруға бағытталды», деді ұйымдастырушылар.

ҚХП Түркістан облыстық филиалының ұжымы да белсенділермен бірге ұсынылып отырған Конституция жобасын талқылады. 

вв

«Қазақстан Халық партиясы Конституциялық реформаны талқылауда белсенді азаматтардың пікірін ескереді», деді партия өкілдері.

Партия осы бағыттағы кездесу алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Ерлік пен тарих

Тағзым • Кеше