ыс
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2025
Үкімет Жезқазғандағы су мәселесін шешуге қомақты қаржы бөлді
Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды аяқтауға жұмсалады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп қойды
Ақтөбеде 11-сынып оқушысы анасын пышақтап өлтіріп, әжесін өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 03 Желтоқсан, 2025
Студенттер кәсіпкерлікке бейімділіктерін байқатты
Талғар политехникалық колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен – кәсіпкермін» атты облыстық гранд-турнир өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 03 Желтоқсан, 2025
Қостанайдағы «Аллюр» зауытында жас мамандарға арналған оқу-жаттығу орталығы ашылды
Қостанайдағы «Allur» зауыты көлік бояу цехына маман даярлайтын «МСВ Бояу» оқу-жаттығу орталығын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында Филиппиннен қыдырып келген турист көз жұмды
Алматы облысының Кеген ауданындағы Қайыңды-Саты тас жолында жол-көлік оқиғасынан филиппиндік турист қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2025
Шымкенттік спортшы Байқұт Төлепберген Испанияның бас шаһары Мадридте джиу-джитсу турнирі алаңында 1-орын иеленді. Ол барлық белдесуде қарсылас шақ келтірмеген, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 03 Желтоқсан, 2025
Атыраудағы ірі құрылыс жобаларының тұсаукесері желтоқсанда өтеді
«Техол» компаниялар тобы Атырау қаласын жаңғыртуға бағытталған бірнеше ауқымды жобаның тұжырымдамасын жуырда көпшілікке таныстырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2025
Комплаенс-офицер қандай қызмет атқарады?
Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары институты – әділ сот төрелігін қамтамасыз етуде заңдылық пен объективтілікті сақтауға бағытталған негізгі мекемелердің бірі. Осы жүйеде комплаенс-офицердің қызметі ерекше орын алады. Ол басшылық, қызметкерлер және қоғам арасындағы байланыстырушы буын, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Тергеу қорытындысы қашан жарияланатыны белгілі болды
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағына қатысты тергеу жұмыстары жақын арада аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Бегалы ауылында қайтарылған активтер есебінен медициналық пункт салынды
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық пункт салынды. Нысанның жалпы құны – 132 млн теңге, оның 65 млн теңгесін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 02 Желтоқсан, 2025
Алматыда алаяқтықтың 30 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Алматының Алмалы аудандық полиция қызметкерлері интернет-платформаларда жалған хабарландырулар орналастырып, тұрғындарды алдап келген 18 жастағы күдіктіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 1920 оқушы онлайн оқуға жіберілді
Атырау облысында 13 мектептегі 92 сыныптың оқушылары қашықтан оқу режиміне көшірілді. Білім ордасындағы педагогтер мен оқушыларға медициналық маска кию ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Қытай инвесторлары Атырау облысында бірнеше өндіріс ашуы мүмкін
Атырау облысында Қытайдан инвесторларды тартуға басымдық беріліп отыр. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің дерегіне сүйенсек, осы мақсатта арнайы индустриялық аймақ құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Астық жинау көрсеткіші бойынша Ақмола облысы көш бастады
Үкіметтің баспасөз қызметі биылғы орақ науқаны нәтижелі аяқталғанын мәлімдеді. Өңірлер арасында астықтың жалпы жиналымы бойынша Ақмола облысы алға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкенттік оқушы бірнеше сырқат түрлерін 3 секундта анықтайтын бағдарлама жасады
Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» №1 лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Арсен Алмасхан тың жаңалық ұсынды. 15 жасар өнертапқыш науқасқа диагноз қоятын жасанды интеллект негізіндегі бағдарламаны жасап шыққан деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
Павлодар облысының әкімі әпкесінің қамауға алынуына қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың туған әпкесі мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Облыс басшысы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Мектептің бас есепшісі 52 млн теңге жымқырған
Қызылорда облысына қарасты Байқоңыр қаласының прокуратурасы мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтаған. Жемқорлық әрекеті білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдары аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Бала өлімінен кейін бас дәрігер қызметінен қуылды
Жамбыл облысына қарасты Т.Рысқұлов ауданының орталық аудандық ауруханасында қазан айында болған 6 жасар баланың өлімінен кейін облыс әкімдігі арнайы жұмыс тобын құрып, жоспардан тыс тексеріс жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкентте рұқсатсыз салынған бір тойхана жабылды
Шымкентте құзырлы органдар «Shinar» тойханасын жауып тастады. Оған себеп тойхана иесі құрылыс талаптарын өрескел бұзған. Заң ережесінің сақталмағандығын қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізу барысында анықтаған. Аталған салтанат сарайы Шымкентке қарасты Сайрам тұрғын алабы, М.Жалил көшесі бойында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті
Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Тексеріс жүріп жатыр: Жамбыл облысының әкімі перзентханадағы дауға қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің брифинг алаңында аймақтағы ана мен бала өліміне қатысты сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп жазады Ақорда.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Шымкентте есірткі жасырушының әрекеті дрон арқылы әшкере болды
Шымкенттік полицейлер дронның көмегімен есірткіні жасырын қойып кеткен күдіктіні қолға түсірді. Ер адам рейдтік іс-шара барысында есірткі салынған түйіншектерді тығып жатқан кезінде көзге түскен, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 01 Желтоқсан, 2025
Қысқы олимпиада ойындары қыр астында: Қоржында қанша лицензия бар?
2026 жылдың 6–22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында төрт жылдықтың басты додасы – XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында ел спортшылары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында ер адамды жүк пойызы қағып кетті
Жетісу облысында жүк пойызы адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан ер адам аяғынан жарақат алып, шұғыл түрде Сарыөзек станциясының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген алғаш рет Мысыр пирамидалары маңында өнер көрсетті
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 30 қарашада The Pyramids Echo фестивалі аясында өзінің дербес концертін ұсынды. Бұл – ТМД елдерінің әртістері арасында Африка құрлығында, пирамидалар жанында өткен ең алғашқы концерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда жаңа туған нәресте саудасына қатысты қылмыстық іс тіркелді
Алматы әуежайында шетел азаматтарының суррогат анадан туған балалармен елден шығуға әрекет жасағаны туралы ақпарат тарады. Сәбилерді сатумен бірнеше отбасылық жұп айналысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері 7,9 млрд теңге жымқырған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Qyran» тұрғын үй кешенінен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлерін тексеріп жатыр. Алаяқтық нәтижесінде азаматтар мен компанияға жалпы 7,9 млрд теңге шығын келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Қараша, 2025
Талдықорғанда тергеу изоляторында заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды
Талдықорғандағы ҚАЖК №71 мекемесінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл орталық тергеудегі азаматтарға сапалы медициналық көмекті бір жерде, жедел көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2025
Павлодарда үш апта бұрын жоғалған ер адам әлі іздестіріліп жатыр
Павлодар облысында 3 аптадан астам уақыт бұрын – 2025 жылдың 5 қарашасынан бастап із-түссіз жоғалған ер адамды құтқарушылар мен полиция үздіксіз іздеп жатыр. Жоғалған адам 1968 жылы туған, деп хабарлайды Egemen.kz.