Фото: olympic.kz
Бүгін жүлдеге таласатын атлеттер:
Қазақстан уақытымен 14:00-де шаңғы қоссайысы бағдарламасында шаңғы жарысы мен үлкен тұғырдан секіру бәсекесі өтеді. Бұл сында ел намысын Шыңғыс Рақпаров қорғайды.
Бүгін фристайл-акробатикадан ерлер және әйелдер арасындағы жарыс басталады. Әйелдер арасындағы сайыста сағат 14:45-те Аяна Жолдас іріктеуден өтуге күш салады.
Ерлер арасындағы бәсеке 17:30-да басталады. Іріктеуге Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов қатысады.
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Сондай-ақ сағат 19:43-те конькимен жүгіруден командалық жарыс өтеді. Бұл сында Кристина Силаева, Надежда Морозова мен Арина Ильященко бақ сынайды.
22:45-те әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама бойынша жарыс өтеді. Аталған жарыста Софья Самоделкина жүлдеге таласады.
Айта кетейік, қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады.