Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:19

Қызылордада анасына қол көтерген азамат 6 жылға сотталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын бастаған облыс полицейлері жыл басынан бері 102 арнасына 219 хабарлама түскенін айтады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 104 қоңырауға көп болып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада анасына қол көтерген азамат 6 жылға сотталды

Полицияның мәліметінше, өткен жылы 73 жастағы анасына қол көтеріп, басын жарған 40 жастағы азамат заң алдында жауап берді. Жәбірленуші өз перзентіне кешірім бергенімен, сот заң талаптарына сәйкес қатыгездік танытқан ұлын 6 жылға бас бостандығынан айырды. Бұдан бөлек, былтыр ащы суға сылқия тойған тұрғын өз әкесінің өмірін қиған.

Ресми мәліметке сүйенсек, өткен жылы өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық саласы бойынша 128 қылмыстық іс тіркелсе, биылғы жылдың басынан бері тағы 10 дерек анықталды. Қазіргі уақытта «Тұрмыс» іс-шарасы аясында полицейлер ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша жаппай тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте газ құбырынан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35

Алматыда жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 15:22