Соңғы жаңалықтар
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары: Референдум ашық және заңға сәйкес өтті
Референдум күні Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) миссиясы үш топқа бөлініп, Астанадағы 31 сайлау учаскесінде мониторинг жүргізді. Бұл туралы ТМҰ-ның Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман халықаралық бақылаушыларға көмек көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
ТүркПА байқаушылары: Референдумда заң бұзушылықтар анықталған жоқ
Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының байқаушылар құрамына кіретін Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының мүшесі Осман Местен миссия мүшелері Астана, Алматы, Түркістан қалаларындағы 115 сайлау учаскесіне барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов: Ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның куәгері болдық
Премьер-министр Олжас Бектенов кешегі өткен референдумға қатысты пікір білдірді. Ол жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдіргенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Имран Садихов: Бас хатшылық референдумның бейбіт әрі тәртіппен өткенін жоғары бағалайды
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшылығының Азия басқармасының басшысы Имран Садихов байқау нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазының бұғатталуы әлемде қандай тәуекелдер тудырады?
Ормұз бұғазының жабылуы әлемде аштық қаупін туғызуы мүмкін. Бұл бұғаз аумағында бидай немесе күріш тиеген кемелердің бөгелуіне ғана байланысты емес. Бұғаздың бұғатталуы газ бағасының күрт өсуіне әкелді. Газ – азот тыңайтқыштары мен карбамид өндірісінің негізгі шикізаты. Газ бағасының көтерілуі тыңайтқыш өндірісін тиімсіз етеді, тіпті егіс науқанының алдында көптеген зауыттар жабылуға мәжбүр болып отыр.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Референдум күні елімізде 585 бала дүниеге келді
Денсаулық сақтау министрлігі 15 наурыз;– референдум күні елімізде 585 бала дүниеге келгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
ШЫҰ байқаушылары: Референдум демократиялық дамуға серпін берді
Елімізде өткен республикалық референдум халықаралық байқаушылардың назарында болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының миссиясы елдегі саяси науқанның дайындалуы мен өткізілу барысын бақылап, оның заң талаптарына сай өткенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 16 Наурыз, 2026
«Таза Қазақстан»: Астанада 83 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді
Аталған экологиялық акция басталғалы бері полицейлер елордада 83 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Наурыз, 2026
Өзбекстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты референдумның табысты өтуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Референдумның алдын ала нәтижелері жарияланды
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Наурыз, 2026
Премьер-лига: Италияда каратэші Софья Берульцева алтыннан алқа тақты
Италияның бас шаһары Римде WKF каратэден 2026 жылғы екінші Премьер-лига додасы аяқталды. Беделді жарыста Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 3-орынға табан тіреді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Наурыз, 2026
Израиль премьері қаза тапқаны туралы тараған қауесетке жауап берді
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзінің жоғалып кеткені және қаза тапқаны туралы тараған қауесеттерге қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы видеоролик жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 16 Наурыз, 2026
«Қазпошта» акциялары қашан сатылымға шығады?
«Қазпошта» басшысы Бекежан Жакеев ұлттық компанияның алдағы жоспарлары мен IPO жайлы мәлімдеді. Оның айтуынша, акцияларды алғашқы орналастыру (IPO) 2028 жылға жоспарлан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 16 Наурыз, 2026
Қысқы Паралимпиада аяқталды: Қазақстан жалпы есепте қандай нәтиже көрсетті?
Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Ербол Хамитов қос жүлдені ел қоржынына салды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 16 Наурыз, 2026
«Қайрат» клубы «Ақтөбемен» ойнайды: Стадион маңында қауіпсіздік күшейтіледі
16 наурызда Алматыда «Қайрат» және «Ақтөбе» клубтары арасында матч өтеді. Осыған орай қалалық полиция жанкүйерлерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 16 Наурыз, 2026
Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтинг тізімін жариялады. Рейтингте отандасымыз Елена Рыбакина екінші орынға көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Наурыз, 2026
Көктемгі егіс науқаны: Биыл қанша фермер жеңілдетілген несие алды?
Биылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерін ерте қаржыландыру жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 2 900-ден астам шаруа жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, алқаптарға қажетті дайындық жұмыстарын бастауға мүмкіндік алды, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 16 Наурыз, 2026
«Оскар-2026» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
АҚШ Киноакадемиясы 2026 жылғы «Оскар» сыйлығының жеңімпаздарын жариялады. Биылғы марапатта ең үздік фильм атағы Пол Томас Андерсон түсірген «Шайқастан кейін тағы шайқас» картинасына бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Наурыз, 2026
«Қазавтожол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы қазіргі жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Наурыз, 2026
Еліміздің басым бөлігінде тұман және көктайғақ болады
«Қазгидромет» 16 наурызда Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетінін хабарлады. Елордада түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлады Egemen.kz.
Қаржы • 16 Наурыз, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Шетелдегі барлық референдум комиссиясы жұмысты аяқтады
Сыртқы істер министрлігі шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы жұмысты аяқтағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі бойынша референдум аяқталды. Орталық референдум комиссиясы ұсынған алдын ала деректерге сәйкес, ел халқының 73,24 пайызы дауыс берді. Сарапшылардың айтуынша, бұл – жоғары көрсеткіш. Ел халқы маңызды үдеріске бейжай қарамай, жауапкершілік танытып, белсенді болды.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Байқаушы миссиясы: Ауқымды жұмыс атқарылды
Елімізде өткен жаңа Конституция жөніндегі референдумда іргелі халықаралық ұйымдар да арнайы өкілдерін жіберіп, байқаушы миссиясын атқарды. Олардың қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), ТМД, Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Парламенттік Ассамблеясы (ТМД ПА), тағы бірқатар халықаралық орталық болды.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Халықаралық байқаушылардың бағасы
Елдегі референдумның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге халықаралық байқаушылар да белсенді атсалысты. Олар Астанадағы учаскелерді аралап, науқан барысын жіті қадағалады. Шет мемлекеттерден келген сайлау комиссияларының төрағалары отандастарымыздың белсенділігін жоғары бағалады.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқан конституциялық реформа елдігіміздің бағыт-бағдарын айқындаған маңызды кезең ретінде есте қалды. Жауапты науқан барысында Алматыдағы Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңынан жүйелі ақпарат таратқан тәуелсіз байқаушылардың жедел штабы таңнан кешке дейін үздіксіз жұмыс істеді.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығы ала таңнан дауыс беруге ағылды. Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, аймақта бұл күні 520 референдум комиссиясы жұмыс істеген.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2026
Университет ұлттық киімді ұлықтады
Таң сәріден Сәрсен Аманжолов университетінің ұжымы мен студенттері ұлттық киім киіп, Өскемендегі 81-учаскеде өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Қос ғасыр куәгері де қалыс қалмады
Жаңаарқа ауданының тұрғыны 116 жастағы Түймегүл Темірбаева референдумда дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады. Қарт адамның жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, учаскелік референдум комиссиясының мүшелері арнайы дауыс беру жәшігін оның үйіне апарды.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады
Интеграция институты жариялаған бірінші Exit poll нәтижелері бойынша ел азаматтарының 86,7 пайызы бюллетеньде «Иә, қабылдаймын» деп жа-уап берген.