аз
Әлем • 15 Желтоқсан, 2025
«Мерт болғандар бар»: Австралия жағажайында атыс болды
Австралияның Сидней қаласындағы Бонди жағажайында белгісіз біреулер оқ атты. Мәліметтер бойынша онға дейін адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы екі күдіктіні ұстаған, арнайы операция жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2025
Батыс Қазақстан облысында боранда ауыл тұрғыны қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсан күндері болған қолайсыз ауа райы салдарынан 63 елді мекен электр жарығынсыз қалып, бірнеше адам жоғалып кетті деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2025
Атырауда 40 бригада электр желілерін қалпына келтіріп жатыр
«Атырау Жарық» ЖШС басшысы Мейірбек Ғұбашевтің мәліметіне сүйенсек, облыс аумағында бірнеше учаскеде электр энергиясын беру уақытша тоқтатылған. Бұған ауа райының күрт бұзылуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Желтоқсан, 2025
Үкіметте азық-түлік бағаcын тұрақтандыру мәселесі қаралды
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасына қатысты жағдай талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 13 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы үлгі болды
Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы қызметтік міндетін атқару барысында жол шетінде жерде жатқан қымбат маркалы ұялы телефонды байқап қалады. Табылған зат туралы олар дереу әскери жасақ кезекшісіне хабарлайды.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
«Семей тазалық» мекемесі сөгіс алды
Семей қаласында тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселесі өзекті болып отыр. Қала тұрғындары қоқыстың жинақталып қалуына, арнайы контейнерлердің толып кетуіне, кей аудандарда бірнеше күн қатарынан мүлде тазаланбайтынына шағымданып отыр. Осыған байланысты «Семей тазалық» мекемесінің жұмысы қоғам тарапынан сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Қазақстан азаматы неміс банктерінің деректерін ұрлаған
Германия азаматтарының банк шоттарына және жеке деректеріне рұқсатсыз қол жеткізді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында қолға түсірген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
Дастан Рыспеков Жезқазған-Қызылорда жолын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған–Қызылорда бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарының қарқынын бақылап, нысандағы мердігер мекемелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
БҚО-да мас күйінде көлік жүргізген 5 жүргізуші қамауға алынды
Батыс Қазақстан облысында 1-14 желтоқсан аралығында өтіп жатқан «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 2 мыңнан аса ереже бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Желтоқсан, 2025
Бүгін елімізде 33 градусқа дейін аяз болады
«Қазгидромет» РМК 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Алматыда қазақы тазылардың байқауы өтті
Алматы қаласында Қазақстан кинологтар одағы қазақы тазы иттеріне арналған тұқымдық байқау ұйымдастырды. Іс-шараға 43 иттің иесі қатысуға өтінім берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 11 Желтоқсан, 2025
Кәсіпкерлер дабыл қақты: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімін кеңейту қажет пе?
Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) Кәсіпкерлер палатасы (КП) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне өзгерістер енгізу туралы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасына қатысты өз ұстанымын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Атамекен» ҰКП мәліметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Соңғы 20 жылда Иран Қазақстанға 226 млн доллардан астам инвестиция салды
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-иран қарым-қатынасын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Президент Масуд Пезешкианға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Иран тарихынан ортақ деректер келтірді. Бұл қолжазбалардың көшірмелерін бүгін Иран делегациясы елімізге алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Президенттер Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкианның назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған 27 қолжазбаның көшірмесі ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Президент: Иран – Қазақстанның сауда-экономика саласындағы өте маңызды серіктесі
Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасын халықаралық деңгейде беделі зор мемлекет әрі еліміздің Орта Шығыстағы сенімді серіктесі ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 11 Желтоқсан, 2025
Қытай инвесторы Қазақстанның энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға ниетті
Қазақстан мен Қытай компаниясы энергетика саласындағы серіктестікті нығайтуға келісті. «Zhongyoung Power (Yunxi) Group Co., Ltd.» елдің электр желілерін жаңғырту жобаларына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Батыс Қазақстанда 10 айда 61 адамнан АИТВ инфекциясы анықталған
Батыс Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы өңірде дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлықтың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Теміртауда «Таксидегі QUIZ» қызметі іске қосылды
Теміртауда тегін такси жүре бастады. Жолаушы жол ақысын төлемейді. Есесіне жүргізушінің қазақ тілінде қойған сұрақтарына дұрыс жауап беруі керек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Иран Ислам Республикасының Президенті Ақордаға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды Ақорда резиденциясында ресми түрде қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Батыс Қазақстанда жаңа жолайрық пайдалануға берілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар инфрақұрылымдық нысан – «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 265-шақырымында, Подстепное ауылы тұсында салынған екі деңгейлі жолайрық пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Аз қамтылған отбасылар коммуналдық төлем бойынша өтемақыны қалай алады?
Қазақстанда әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған тұрғын үй көмегі жүйесі ұзақ жылдар бойы халыққа демеу болып келеді. Бұл механизм ең мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді тек алу немесе жалға алу деңгейінде ғана емес, коммуналдық қызметтерге, жылу мен суға жұмсалатын шығынның бір бөлігін өтеп, отбасының қаржылық жүктемесін азайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Желтоқсан, 2025
Өлім жазасы қайтарылмайды: Қырғызстан соты президент ұсынысын қабылдамады
Қырғызстан Конституциялық соты балаларға қарсы ауыр қылмыс жасағандарға өлім жазасын қолдану мүмкіндігін беретін конституциялық түзету енгізу туралы президенттің бастамасын қабылдамады, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 10 Желтоқсан, 2025
Қазақстанға алып мұнай сақтау қоймасы қажет пе?
Соңғы жылдары Қазақстанда мұнай сақтау қоймасын салу мәселесі бірнеше рет талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 10 Желтоқсан, 2025
Транзиттік серпін: Қазақстан көлік жүйесінің жаңа кезеңі
Еліміздің темір жол саласында соңғы айларда қабылданған шешімдер елдің транзиттік әлеуетін арттыруға әрі аймақтық логистикалық байланыстарды күшейтуге бағытталғанын айқын көрсетеді. ҚТЖ мен Өзбекстан темір жолдары арасындағы кооперация, Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша транзиттің өсуі мен теміржол инфрақұрылымын жаңғырту – осы стратегиялық бағыттың негізгі тіректері, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның мұнай тұтыну көрсеткіші 30 жылда қалай өзгерді?
Соңғы 30 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның мұнай өнеркәсібі ел ішінде де, әлемдік деңгейде де айтарлықтай трансформациядан өтті. Бүгінде елімізде өндірілетін мұнайдың шамамен 80%-ы экспортқа жөнелтіледі, ал 20%-ы ішкі нарыққа бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Президенттің Qazaq Tili Endowment қорына салған үлесі 100 есе өсті
Бүгін Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жылдық қорытынды құрылтайы өтті. Оған Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, Парламент депутаттары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайшылары және Орталық кеңес мүшелері, қор демеушілері, өңірлік филиал төрағалары мен делегаттар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2025
«Жас сарбаз» әншісі жаһанды мойындатты
Жасмина Түзелова – Қорғаныс министрлігінің «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының мүшесі. Ол жуырда Мәскеуде өткен «Голос. Дети» шоуының он екінші маусымында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 10 Желтоқсан, 2025
2026 жылы республикалық бюджетті небәрі үш өңір ғана толтырады
2026 жылға арналған болжам бойынша Алматы, Астана және Атырау облысы республикалық бюджетке өз үлесін қосып қана қоймай, қалған өңірлерге де қаржылай көмек көрсетеді. Ал қалған аймақтар субвенцияға тәуелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Дәл осы күні ел атауы өзгерді: 10 желтоқсан біз үшін неліктен тарихи күн?
Ел тарихында дәл осы күні Қазақ КСР-і атауы Қазақстан Республикасы деп ресми бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.