Айта кетейік, ел көлемінде референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері азаматтар үшін таңғы сағат 07:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді, ал жекелеген аумақтық комиссиялар қажет болған жағдайда уақыт тәртібін ыңғайға қарай белгілей алады.
Биылғы жалпыхалықтық дауыс беруге бір ғана сұрақ шығарылды: «Бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған жобасы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауалға азаматтар өз ұстанымын білдіреді.
Референдум 2026 жылғы 15 наурызға Президент Жарлығымен белгіленген.
Еске салай кетейік, бірінші президент бұдан екі жыл бұрынғы АЭС құрылысы бойынша референдумда да таңдауын жасаған болатын.