Референдум • Кеше

Ұлттық ұланның сарбазы туған күнінде алғаш рет дауыс берді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін елімізде жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне арналған республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл маңызды саяси науқанға Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де белсенді қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұланның сарбазы туған күнінде алғаш рет дауыс берді

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде референдумды жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жағдай жасалды. Жалпы саны 36 сайлау учаскесі ашылып, әскери қызметшілердің конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік берілді. Дауыс беру рәсімі заң талаптарына сай, ашықтық пен айқындық қағидаттары негізінде ұйымдастырылды.

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков алғашқы болып, №266 сайлау учаскесінде дауыс берді. 

ұлан

Бұл күн әсіресе 5573 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Артур Яровой үшін айрықша есте қалды. Себебі ол өмірінде алғаш рет дауыс беріп отыр және бұл маңызды сәт оның туған күнімен тұспа-тұс келді.

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру басталды

Артурдың айтуынша, әскери қызметте жүріп ел тағдырына қатысты саяси науқанға қатысу – үлкен жауапкершілік. Оның сөзінше, мұндай сәт әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Референдумға офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, ардагерлер және мерзімді қызметтегі сарбаздар қатысып жатыр. Көптеген жас сарбаз үшін бұл алғашқы дауыс беру тәжірибесі болды.

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы туған күн иесі мен бірінші рет саяси науқанға қатысып отырған әскери қызметшілерді құттықтап, азаматтық белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді.

ұлан

Осылайша Ұлттық ұлан сарбаздары референдум күні тек әскери антқа адал қызмет ететінін ғана емес, ел өміріндегі маңызды сәттерде азаматтық ұстанымын да айқын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар