Төтенше жағдай • Бүгін, 10:24

Астанада құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын сыртқа алып шыққан

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Байқоңыр ауданындағы Тайбурыл көшесінде орналасқан ангар үлгісіндегі цех ғимаратында өрт шықты. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде сөндіріліп, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын сыртқа алып шыққан

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, тілсіз жау пайдаланылмай тұрған цехтың шатырында тұтанған. Өрт кезінде шатырдың ағаш конструкциялары мен жабын бөлігі жанған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіру барысында ғимарат ішінен үш газ баллонын сыртқа шығарып, қауіпсіз жерге орналастырды. Бұл әрекет ықтимал жарылыс қаупін болдырмауға мүмкіндік берді.

Оңтүстік Кореядағы өрт: Жоғалып кеткен Қазақстан азаматының сүйегі табылды

Өртті сөндіру жұмыстарын қиындатқан жайттардың бірі – ғимарат ішінде сақталған құрылыс материалдары. Жанған тақтайлар мен резеңке-техникалық бұйымдар өрттің күшін арттырып, қосымша өрт жүктемесін туғызған.

Щучинсктегі өрт: Ауруханада ауыр халде жатқан тағы 2 адам қайтыс болды

Соған қарамастан өрт сөндірушілердің кәсіби әрі үйлесімді әрекеті нәтижесінде тілсіз жау 200 шаршы метр аумақта толықтай ауыздықталды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Тегеранның мұнай базасы өртенді

Соңғы жаңалықтар