аң
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейтуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейтуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президенттік жастар кадрлық резервінің 72%-ы басшылық қызметке тағайындалды
Бүгін Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде биліктің барлық деңгейінде кадрлық құрамды жаңарту үдерісі жүріп жатқанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 28 Қараша, 2025
Ақмола облысында сталкинг бабы бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды
Бұл бап шілде айында қолданысқа енгізіліп, азаматтарды еркінен тыс қудалау, мазалау, үнемі байланыс орнатуға тырысу, бақылау және өзге де психологиялық қысым көрсететін әрекеттерден қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Қараша, 2025
«Заң және тәртіп баланың көзімен». Қалалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды
Өскелең ұрпаққа «Заң және тәртіп» қағидатын ұғындыруды көздеген сурет байқауын Астана қаласының прокуратурасы мен әкімдігі бірлесе ұйымдастырған. Ерекше байқауда елордалық 5-7 сынып оқушылары бағын сынап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Қараша, 2025
Ерлан Қарин: «Заң және тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің берік іргетасы»
Мемлекет басшысы 5 қараша күні «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл құжат еліміздегі идеологиялық саясаттың тұңғыш рет жүйелі әрі біртұтас түрде айқындалуына мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 27 Қараша, 2025
«Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
Алматыда Disney студиясының «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Оған елімізге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен депутаттар, дубляж актерлары мен блогерлер, БАҚ өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 26 Қараша, 2025
Мәжіліс банктер туралы жаңа заңды екінші оқылымда мақұлдады
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары екінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Қараша, 2025
Палестина тарихта болмаған экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатыр – БҰҰ
Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) Бас хатшысының орынбасары Педро Мануэль Морено 2025 жылғы Палестина аумағының экономикалық жағдайына арналған баяндаманы таныстыра отырып, Газаның экономикасы бұрын соңды болмаған деңгейде күйрегенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 26 Қараша, 2025
«Дикий Арман» ісі бойынша апелляциялық сот өтті. Үкім өзгерді ме?
«Қаңтар оқиғасы» кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны сынды бірнеше бап бойынша бас бостандығынан айырылған Арман Жұмагелдиевтің ісі апелляциялық тәртіпте қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Солтүстік Қазақстан облысында күн сайын 200-ден астам тәртіп бұзылады
Солтүстік Қазақстан облысында Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Юрий Клыковтың айтуына қарағанда соңғы 6 күнде 1400 рет Жол тәртібі бұзылған. Бұл күніне 233 рет тәртіп бұзылған деген сөз деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Рудныйда ономастикаға қатысты жиында бұзақылық жасаған әйел жауапкершілікке тартылды
Полиция Рудный қаласының тұрғынына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Ақтауда жаңа теңіз порты салынады
Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті нығайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Маңғыстау облысында жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 24 Қараша, 2025
Маңғыстауда түлкі оқушыларға шабуыл жасап, жарақаттады
Оқиға Бейнеу ауылында болған. Облыстық білім бастармасының мәліметінше, жыртқыш аң балаларды мектептің ауласында жарақаттаған, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 24 Қараша, 2025
Бизнесті қорғауға ерекше басымдық беріледі
Қызылорда облысында жыл басынан бері прокуратураның қадағалау актілерімен 3 187 кәсіпкердің құқығы қорғалып, олардың пайдасына 1,9 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген. Тәртіптік жауаптылыққа тартылған 45 адамның 15-і – облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2025
Президент зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Аймақтар • 24 Қараша, 2025
Танымал шетелдік фотограф Маңғыстаудағы туристік нысандарды әлемге танытты
Әлеуметтік желіде миллион жазылушысы бар шетелдік танымал фотограф Макс Райв Қарынжарық ойпаты мен Боқты тауын суретке түсіріп, жеке парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қараша, 2025
Маңғыстаулық оқушы тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының №18 мектебінің 11 сынып оқушысы Дәулет Айқын мектеп оқушылары арасындағы тоғызқұмалақтан II әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ақтауда 2 000 бала Damu Bala арқылы үйірмелерге бара алмай жүр
Ақтауда екі жылға созылған ваучер тапшылығына байланысты мыңдаған бала спорт пен шығармашылық үйірмелерге қатыса алмай отыр. Бұл жағдай көпбалалы отбасылардың тұрмысын қиындатып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айында Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында қарыздарды субсидиялау бағдарламалары шеңберінде өнеркәсіп, туризм және агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қаржыландыру көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес облыс әкімдігі жеңілдетілген несиелеу тетіктерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қараша, 2025
Ақтау Жаңа жылға дайындалып жатыр: мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлінді
Ақтауды Жаңа жылға дайындық жұмыстары басталды. Қаланы мерекелік кейіпке келтіруге 80 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
16 желтоқсаннан бастап Алматыдан Қостанайға жаңа «Тальго» пойызы қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, №119/120 «Алматы - Қостанай» бағытындағы жаңа «Тальго» пойызы 16 желтоқсанда жолға шығады, жаңа пойыз жұп күндері қатынап отырады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Шығыс Қазақстан облысында жаңа әуежайлар қашан ашылмақ?
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңындағы баспасөз-конференциясы барысында өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Қостанай облысында тауарлардың бағасын өсірген 135 дүкен жазаланды
Қостанай облысында әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын өсірген 135 дүкен анықталды. Кәсіпкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабына енгізілген жаңа ережелерге сәйкес айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 20 Қараша, 2025
Сенат республикалық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Сенат депутаттары Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік заңының жеке баптарын мақұлдамай, Мәжілістің қайта қауына жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2025
Ресейден заңсыз әкелінген тауық жұмыртқалары анықталған
Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарының бұзылғаны туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 19 Қараша, 2025
ҚХА басшылығы мен Сенат депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды
2025 жылғы 18 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен Парламент Сенатындағы ҚХА депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Шетелдік бизнесмендер салық заңнамасындағы өзгерістерді талқылады
Қазақстандағы герман экономикасы одағының (VDW) «Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында конференциясы өтті. Іс-шараға жүзге жуық бизнес өкілдері, консультанттар мен заңгерлер жиналды.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттай ма?
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жаппай өсу болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Қызылордада браконьерлікке қатысты 105 құқық бұзушылықты анықтады
Қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 105 құқық бұзушылықты анықтапты. Оның үшеуі қылмыстық, қалғаны әкімшілік жауапқа тартылған. Күдіктілерден балық, ау, түрлі құрал-саймандар мен 12 қару айғақ зат ретінде алынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Қараша, 2025
Ерекше жаңалық: отандық ғалымдар бірегей табысқа қол жеткізді
Қазақстандық зерттеушілер қаратақтатасты кендерден ванадий электролитін алудың жаңа технологиясын жасады, бұл елімізге энергия сақтау жүйелерінің маңызды компонентін өз күшімен өндіру мүмкіндігін ашты, деп жазады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.