Оқиға • 29 Қаңтар, 2026

Маңғыстау облысында әйел мен үш бала қар құрсауынан құтқарылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Шетпе-Жармыш автожолында, елді мекеннен 15 шақырым жерде жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында әйел мен үш бала қар құрсауынан құтқарылды

видеодан алынған кадр

Көмекке мұқтаж жандар туралы хабарлама алған Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті.

Құтқарушылар әйел мен үш баланы эвакуациялап, өрт сөндіру бөліміне жеткізді. Оларға қажетті көмек көрсетілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеріп, автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп және байланыс құралдары мен жылы заттарды алып жүру керектігін ескертеді.

Жетісу облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды

 

Соңғы жаңалықтар