Қоғам • 02 Ақпан, 2026

Күніне 18,5 млн доллар: Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 501,24 теңгеге дейін 0,9%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банктің валюта нарығындағы ахуал туралы кезекті есебінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күніне 18,5 млн доллар: Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?

Фото: Ашық дереккөз

Ұлттық банктің мәліметінше, қаңтарда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 359 млн доллардан 306 млн долларға дейін төмендеген. Бір айдағы жалпы сауда көлемі 5,8 млрд долларды құрады. Сондай-ақ республикалық бюджетті трансферттермен қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 350 млн доллар сатылды.

Үкіметтің болжамды өтінімдеріне сәйкес, ақпан айында Ұлттық банк бюджетке трансферт бөлу үшін Ұлттық қордан 350 млн доллардан 450 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сату күтіледі.

Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайға қатысты түсінік берді

Айта кетерлігі, Ұлттық банк қаңтар айында валюталық интервенциялар жасаған жоқ. Сонымен қатар БЖЗҚ-ның валюталық активтері 40%-дан асатынын ескере отырып, қаңтарда зейнетақы активтері үшін доллар сатып алынбаған. Ақпан айында да валюта сатып алу жоспарда жоқ.

Теңге нығайды, валюта нарығы жанданды: Ұлттық банк 2025 жылдың қорытындысын жариялады

Соңғы жаңалықтар