ЕНТ
Парламент • 03 Желтоқсан, 2025
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 03 Желтоқсан, 2025
«Ордабасы» футбол клубының экс-президенті Түркияда қашып жүр
Аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Бахтияр Байсейітовті экстрадициялау туралы Түркияға сұрау жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкентте дәрігерлер 705 грамм болып туған сәбидің өмірін сақтап қалды
Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 26 аптасында дүниеге келген, небәрі 705 грамм салмақтағы шақалақтың өмірін аман сақтады. Анасы ауыр преэклампсиядан зардап шеккендіктен, жүктілік мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 02 Желтоқсан, 2025
Жаңа алгоритм АИТВ-ны бірнеше секундта анықтайды
1 желтоқсан – Дүниежізілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Шымкентте екі күндік семинар өтті. Ол «АИТВ-ға тестілеудің жаңа алгоритміне өту. АИТВ-диагностикасы сапасын бақылауды қамтамасыз ету» атты тақырыпта ұйымдастырылды. Іс-шараның өтуіне Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы қолдау білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкенттік оқушы бірнеше сырқат түрлерін 3 секундта анықтайтын бағдарлама жасады
Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» №1 лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Арсен Алмасхан тың жаңалық ұсынды. 15 жасар өнертапқыш науқасқа диагноз қоятын жасанды интеллект негізіндегі бағдарламаны жасап шыққан деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Желтоқсан, 2025
Президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысына Қордың биыл атқарған жұмысының нәтижелері туралы мәлімет берілді. Нұрлан Жақыпов Қор тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53 триллион теңге болатын 130-ға жуық жоба бар екенін айтты. Соның ішінде осы жылы CASPI BITUM зауытының қуатын арттыру, 50 МВт-тық күн электр стансасы және Кендірлі елді мекенінде су тұшытатын зауыт салу жобалары жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін 1,1 триллион теңгеге 9 ірі жобаны аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 02 Желтоқсан, 2025
Елімізде қанша шетелдік студент білім алып жүр?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл еліміздің жоғары оқу орындарында 88 мемлекеттен келген 35 075 шетелдік студент білім алып жатыр. Кәсіби білім үшін Қазақстанды таңдайтын шетелдік жастардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артқан, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкентте рұқсатсыз салынған бір тойхана жабылды
Шымкентте құзырлы органдар «Shinar» тойханасын жауып тастады. Оған себеп тойхана иесі құрылыс талаптарын өрескел бұзған. Заң ережесінің сақталмағандығын қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізу барысында анықтаған. Аталған салтанат сарайы Шымкентке қарасты Сайрам тұрғын алабы, М.Жалил көшесі бойында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 02 Желтоқсан, 2025
Жан Адамбаев: Менің табысты жолым легодан басталды
«Апа, қараңызшы, бұл нұсқаулықта жоқ, өзім ойлап шығардым». Жан Ерболатұлы кішкентай кезінде осылай деп, қолындағы легодан құрастырған беймәлім құрылғысын көтеріп жүгіріп келетін. Сол сәтте оның жанарынан бір нәрсе анық көрінетін, ол - дайын дүниені қайталауға емес, жаңа нәрсе жасауға деген ішкі құштарлық.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Тексеріс жүріп жатыр: Жамбыл облысының әкімі перзентханадағы дауға қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің брифинг алаңында аймақтағы ана мен бала өліміне қатысты сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп жазады Ақорда.
Президент • 30 Қараша, 2025
Президент Садыр Жапаровты Жогорку Кенеш сайлауының табысты өтуімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Индонезия Президенті мен Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхаттарын жолдады.
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Парламент Сенатының Төрағасы және Палата депутаттары Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүргізу аясында елордадағы бірқатар мектептің қызметімен және инфрақұрылымымен танысты. Сенаторлар бастауыш мектептің мамандандырылған кабинеттерінде, IT-зертханаларда, кітапханалар мен спорт залдарында болып, педагогтармен білім және ғылым саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімінің шағымынан кейін Үкіметке ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Ақорда.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті
Кездесуге 8 жасқа дейінгі санатта әлем чемпиондары атанған Әдинұр Әділбек пен Алиша Бисалиева, 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуандықұлы, 14 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген Марк Смирнов, 16 жасқа дейінгі санат бойынша әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Эдгар Мамедов, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген Сауат Нұрғалиев қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 28 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қолдауын жоғары бағалады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 28 Қараша, 2025
Тоқаев: Әкімдер халыққа құрметпен қарап, азаматтармен ашық әңгіме жүргізуге тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, әкімдер халыққа құрметпен, шыдамдылықпен, түсіністікпен қарауға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы: Ауылды өркендету – баршаға ортақ парыз
Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында ауылға қатысты көптеген маңызды мәселе көтеріліп, нақты міндеттер айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Қараша, 2025
Тоқаев: Өркениет көшінен қалмай, технологиялық жаңғыруды жылдамдату қажет
Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан ауыл әкімдерінің диалог-платформасындағы сөйлеген сөзінде Дональд Трамп жариялаған АҚШ-тың технология саласындағы жаһандық үстемдігін қамтамасыз етуге арналған стратегиялық бастамасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Қараша, 2025
Тоқаев: Конституцияға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін
Бүгін Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
«Бүкіл билік жүйесінің тірегі»: Президент жергілікті әкімдердің ерекше рөліне тоқталды
Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы жылдары ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022 жылы халықтың табысын арттыруға арналған кешенді жоспар қабылданған. Биыл Үкімет алдағы 5 жылға арналған Өңірлерді дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ауылға қомақты инвестиция тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент: Ауыл тұрғындарының 84%-ы өз әкімдеріне сенеді
Бұл туралы Президент Астанада өтіп жатқан ауыл әкімдерінің диалог-платформасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент бүгін ауыл әкімдерінің диалог платформасында сөз сөйлейді
Астана қаласында ауыл әкімдерінің диалог платформасы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін осы жиынға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 27 Қараша, 2025
Мәжіліс спикері Аустрия Парламентінің төменгі палатасы төрағасының орынбасарын қабылдады
Астанаға жұмыс сапарымен келген Аустрия Республикасы Федералды Жиналысының Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары Петер Хаубнер Мәжіліске келді. Палата спикері Ерлан Қошановпен кездесуде тараптар парламентаралық байланысты нығайту жолдарын талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Ерлан Қарин: Бүгінгі саясаттың басты ерекшелігі – өткен жылдардың тиімсіз тәжірибесінен алыстау
Мемлекет басшысы 5 қараша күні «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойғаны мәлім. Аталған Жарлықты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин тарихи маңызы бар қадам ретінде атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Қызылжарға бір мезгілде ауыз су, жарық, газ келді
Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қызылжар-2 шағынауданына толық инфрақұрылым жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.