Фото: Ақорда
Кездесу барысында сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне баса назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Бұған дейін Пәкістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өткен еді.