Президент • 03 Ақпан, 2026

Тоқаев Пәкістанға барды: Жойғыш ұшақтар Президент ұшағымен қатарласып ұшты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен аттанды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тоқаев Пәкістанға барды: Жойғыш ұшақтар Президент ұшағымен қатарласып ұшты
Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты. Ел астанасы – Исламабадта Қасым-Жомарт Тоқаев құрметіне плакаттар ілініп, салтанатты шеру ұйымдастырылды. Бұл Қазақстан Президентіне көрсетілген ғизат-құрмет.
 
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігін талқылайды.
 
Сонымен қатар Қазақстан − Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарда бар.
 
 
Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42