Президент • 28 Қаңтар, 2026

Мемлекет басшысы: Агенттік қызметкерлері адал азамат, мықты маман болуға тиіс

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізіп, агенттік алдында көптеген күрделі әрі маңызды міндет тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Агенттік қызметкерлері адал азамат, мықты маман болуға тиіс

Президент агенттік қызметкерлеріне жүктелетін жауапкершілік жоғары екенін айтты.

«Агенттік Бас прокуратурамен, Ұлттық қауіпсіздік қызметімен, Ішкі істер министрлігі секілді басқа да құқық қорғау органдарымен үйлесімді әрекет етуі керек. Олар да Қаржылық мониторинг агенттігіне қолдау көрсетуге тиіс. Құзыреттік міндеттердің қайталануы, жөн-жосықсыз бәсеке, бақталастық мемлекет мүддесіне зардабын тигізеді. Әлемде стратегиялық белгісіздік белең алған қазіргідей жағдайда бұл өте қауіпті», деді ол.

Тоқаев: Әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау жарнамасы тыйылмай тұр

Мемлекет басшысы дұшпандарымыздың ұлттық мүддемізге зиян келтіруіне жол беруге болмайтынын атап өтті.

«Үнемі айтамын: «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат». Мұны баршамыз, Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері әрдайым есте ұстауы керек. Әр қызметкер, ең алдымен, адал азамат және мықты маман болуға тиіс. Ар тазалығын сақтау, Отан алдындағы антқа берік болу – парыз. «Заң мен тәртіп» қағидаты – көпшілікке қарата айтылған ұран емес, бұл – әрбір мемлекеттік қызметшінің, әрбір адамның өзінен басталуға тиіс саналы қадам. Біз Әділетті, Қауіпсіз, Күшті, Таза әрі Озық Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды өзгерістердің келесі – шешуші кезеңіне қадам бастық. Конституциялық реформаны қолға алдық, бүгінде комиссия белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Барлық ұсыныс мұқият сарапталады, түзетулердің жобасы әзірленеді. Халық бұл жобамен танысып, референдумда түбегейлі шешім қабылдайды. Осылайша, елімізде жаңа қоғамдық-саяси жүйе қалыптасады. Ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жұмыс тың қарқынмен жалғасады», деді Президент.

Президент жиын барысында алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін ойластыруды тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар