Спорт • Кеше

Садақшы Ильфат Абдуллин Словениядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

1 мин
оқу үшін

Словенияның Камник қаласында өткен садақ атудан «Veronica’s Cup» халықаралық турнирінде ересектер санатында Қазақстан команда қос жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Садақшы Ильфат Абдуллин Словениядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Классикалық садақ атудан ерлер арасындағы финалда Ильфат Абдуллин Үндістан спортшысы Сачин Гуптаны жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Ал құралмалы садақпен атудан командалық сында Қазақстан әйелдер командасы үздік үштікті түйіндеді. Ел намысын Виктория Лян, Роксана Юнусова мен Адель Жексенбинова қорғады. Отандастарымыз кіші финалда Люксенбург ұжымынан басым түсті.

садақшылар

Айта кетейік, дәстүрлі бәсекеге биыл 30-ға жуық мемлекеттен 330-дан астам мерген қатысты. Кеше U18 және U21 жас санатында Қазақстан спортшылары бірнеше жүлдеге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстан командасы жалпыкомандалық есепте Италиядан кейінгі 2-орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар