Фото: istockphoto
Жоба аясында негізгі назар математика, жаратылыстану ғылымдары, жасанды интеллект, робототехника және жобалық іс-әрекетке аударылады. Сондай-ақ оқу бағдарламаларына «Домбыра», «Ұлттық өнер», «Ұлттық спорт» курстары және «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие беру бағдарламасы біріктіріледі.
Оқытушылар құрамының шамамен 80 пайызы отандық мамандардан тұрады. Бұл ретте халықаралық тәжірибені және «Талант және Табыс» қорының кәсіби даму бағдарламаларын пайдалану көзделген. Бұл ұлттық педагогикалық мектепті озық халықаралық тәжірибелермен ұштастыруға мүмкіндік бермек.
Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті
Осылайша бірегей бастама мектеп оқушыларының олимпиадаларға, ғылыми жоба байқауларына, зерттеу жұмыстарына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ол елдің барлық өңірлерінен келген балалардың таланттарын дамытуға жағдай жасайды және ғылыми-технологиялық салаларда ерте кәсіби тұрғыдан өзін өзі анықтауға ықпал етеді.
Бүгінде «Сириус – Қазақстан» жобасын екі қалада – Алматы және Астанада іске асыру жоспарланған. Бұл білім беру инфрақұрылымының жүйелі моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.