Президент • Бүгін, 12:01

Тәуелсіздік сарайында Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік сарайында Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын өзі күтіп алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із тастап ұшты.

п

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Ақорда

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

2222

Еске салайық, кеше Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. «Egemen Qazaqstan» газетінде Владимир Путиннің «Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ» атты мақаласы жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Жауапкершілік жолы

Тұлға • Бүгін, 12:24