Қоғам • Бүгін, 11:05

Сәуле Базарханның өлімі: Депутат косметологиялық клиникаларды жаппай тексеруді талап етті

1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов блогер Сауле Базарханның өліміне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі косметологиялық мекемелерді қатаң тексеру керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәуле Базарханның өлімі: Депутат косметологиялық клиникаларды жаппай тексеруді талап етті

Коллаж: Egemen.kz

Депутаттың айтуынша, бұған дейін тексеру жүргізуге Кәсіпкерлік кодекстің нормалары кедергі болған.

«Кейбір олигархтар медициналық қызметпен айналысып, түрлі зертханалар ашты. Әрине, оларға тексерістің болғаны тиімсіз. Бірақ 2025 жылы біз бұл ұйымдарды тексеру құқығын қайтардық. Бізде жаңа туған нәресте қайтыс болған жағдай болды, алайда тексеру жүргізе алмадық», деді депутат.

Ол косметологиялық клиникаларда техникалық және санитарлық сертификаттардың, сондай-ақ қолданылатын барлық препараттарға сертификаттардың болуы маңызды екенін атап өтті.

Мұрат Әбенов косметологиялық процедураларда қолданылатын препараттардың құрамына байланысты қауіптерге де назар аударды. Оның айтуынша, мұндай заттар анафилаксиялық шок тудыруы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысты тексеру жүргізетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетейік, белгілі кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базархан пластикалық хирургия клиникасында көз жұмды. Марқұмның қызының сөзінше, дәрігерлер ота ең көбі бір жарым сағатқа созылады деп сендірген. Алайда бірнеше сағат бойы туыстарына ешқандай ақпарат берілмеген. 

Соңғы жаңалықтар