Оқиға • Бүгін, 13:29

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

1 мин
оқу үшін

Бүгін Павлодар облысы Железинка ауылы маңында әуе апаты болды. Ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Алдын ала ақпарат бойынша, әуе кемесі электр желілеріне тиіп кетіп, кейін апатқа ұшыраған.

Ұшақ бортында экипаждың екі мүшесі болған. Бір ұшқыш оқиға орнында қаза тапты. Екіншісін құтқарушылар ұшақтан шығарып алды. Қазір ол ауруханада. Дәрігерлердің айтуынша, екінші ұшқыш есін біледі.

Еске салайық, Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағында қаза тапқан жолаушылардың туыстарына өтемақы төлене бастады.

Соңғы жаңалықтар