Оқиға • Бүгін, 12:35

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі аударылып қалды

1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен-Алтай-Рахман қайнары тасжолында цемент таситын жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі аударылып қалды

Фото: Видеодан скрин

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кабинада жүргізуші қысылып қалған.

1987 жылы туған азаматты құтқарушылар шығарып алды. Оларға жол бойындағы өзге жүргізушілер көмекке келген.

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қаладағы медициналық мекемеге жеткізді.

Айта кетейік, Атырау облысында аудан әкімнің орынбасары жол апатынан көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар