Фото: Видеодан скрин
Хабарлама түскеннен кейін 3 минут ішінде оқиға орнына алғашқы бөлімше жетті.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің аумағы 1100 шаршы метр.
«Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.
Айта кетейік, Таразда құтқарушылар өрт кезінде 7 адамды эвакуациялады.