Білім • Бүгін, 17:01

Қай сыныптарда БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады? Министр жауап берді

1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі мектептердегі БЖБ мен ТЖБ жүйесінен біртіндеп бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Оның орнына бақылау жұмыстары кеңірек қолданылуы мүмкін. Бұл туралы үкіметтегі брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қай сыныптарда БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады? Министр жауап берді

Министр Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, қазір бұл мәселе бойынша ауқымды талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар мектептерде қазірдің өзінде диктант, шығарма және мазмұндама сияқты жеке бақылау жұмыстары енгізіліп жатыр.

«Сондықтан біртіндеп БЖБ мен ТЖБ-дан бас тартуды ойластырып жатырмыз. Бірақ ол үшін нақты негіздеме мен талдау қажет», деді министр.

Оның айтуынша, биыл Орта білім комитеті мен Оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылындағы 1-11 сыныптар бойынша БЖБ мен ТЖБ-ға талдау жүргізген. Тамыз конференциясына дейін қай сыныптарда бағалау жиынтығы сақталатыны, ал қай сыныптарда олардың орнына бағалаудың басқа түрлері енгізілетіні анықталмақ.

БЖБ мен ТЖБ-ға байланысты жүктеме мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. 2019 жылы министрлік кей мектептерде күніне 6-7 БЖБ немесе ТЖБ өткізілетінін айтып, мұны жол беруге болмайтын жағдай деп бағалаған еді.

Айта кетейік, Қазақстанда мектеп мұғалімдерінің өздері сабақ беретін оқушыларға ақылы қосымша сабақ өткізуіне тыйым салынбақ.

Соңғы жаңалықтар