Ерболат Айдынғалиұлы 1980 жылы аталған аудандағы Жасқайрат ауылында дүниеге келген. 1997-2000 жылдары Атырау политехникалық колледжінен «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», 2004-2007 жылдары «Атырау мұнай және газ» институтынан «Экономика» мамандығымен білім алған.
Еңбек жолын Қызылқоға аудандық «Қызылқоға» газетінде тілші болып бастаған. 2005-2010 жылдары Ойыл ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман, 2017 жылдың 23 қаңтарына дейін аталған округтің әкімі қызметін атқарған.
Кейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Миялы ауылдық округі әкімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болған.
Жантүршігерлік жол апатынан Шығыс Қазақстанда үш жігіт көз жұмды
2023 жылдың 30 қаңтарында Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған.