Білім • Бүгін, 15:37

Соңғы үш жылда мектептердегі топтық аурулар жағдайы екі есе өскен

2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі жыл басынан бері елдегі білім беру ұйымдарында 347 тексеру жүргізді. Оның ішінде 49-ы тамақтану блоктарына қатысты болып, олардың жартысынан астамы жоспардан тыс өткізілген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Соңғы үш жылда мектептердегі топтық аурулар жағдайы екі есе өскен

Фото: Ашық дереккөз

Министр білім беру ұйымдарындағы санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жазғы сауықтыру лагерьлерін дайындау, сондай-ақ мектеп медицинасын дамыту мәселелері жөнінде сөз қозғады.

«Анықталған бұзушылықтардың қатарында үй-жайлардың санитариялық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы бар. Соңғы үш жылдың ішінде білім беру ұйымдарында топтық инфекциялық аурулар жағдайларының екі есе өсуі байқалады», деп министр сын айтты.
Елімізде балалар лагерьлеріне қандай талаптар енгізілді?

Бұған дейін Мемлекет басшысы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын балалар нысандарына мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін енгізуді көздейтін заңға қол қойған болатын.

Жаңа шаралардың шеңберінде 1 маусымнан бастап еліміздің мектептерінде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға мониторинг жүргізу басталады, ал 1 шілдеден бастап білім беру және балалардың жазғы демалыс нысандарына жоспарлы тексерулер қайта жандандырылады.

«Өткен жылы рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген лагерьлер анықталды. Аталған фактілер бойынша материалдар прокуратура органдарына жолданып, тиісті шаралар қабылданды. Халықты ақпараттандыру мақсатында «сенім телефоны» жұмысын жалғастыруда, сондай-ақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар лагерьлердің тізбесі апта сайын отырады», деді Ақмарал Әлназарова.
Лицензиясы жоқ лагерьлер жабыла ма?

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жазғы маусымда 187 сауықтыру ұйымының жұмысы жоспарланған. Бүгінгі таңда өтінім берген 99 лагерьдің 33-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған.

Соңғы жаңалықтар