Қоғам • Бүгін, 16:21

Еңбек құқықтары сақталсын: Премьер-министр оқушылар мен студенттерді уақытша жұмыспен қамтуды міндеттеді

2 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов демалыс кезінде балалар тегін бара алатын мұражайлар, театрлар, кітапханалар мен мәдени орталықтардың тізімін кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек құқықтары сақталсын: Премьер-министр оқушылар мен студенттерді уақытша жұмыспен қамтуды міндеттеді

Фото: Ашық дереккөз

Үкімет басшысының айтуынша, Мәдениет министрлігі жазғы демалыс кезінде балалардың музейлер мен театрларға, кітапханалар, мәдени орталықтар мен ұлттық саябақтарға тегін бару бағдарламаларын кеңейтуі керек.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірге оқушылар мен студенттерді уақытша жұмыспен қамту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс, бұл ретте барлық еңбек құқықтары мен қауіпсіздік нормаларын сақтау керек. Бос жұмыс орындарының «жәрмеңкелерін» және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да нысандарын ұйымдастыру қажет», деді Премьер-министр.

Үкімет басшысының айтуынша, сондай-ақ аз қамтылған отбасылар мен ауылдық жерлердегі балалардың бос уақытына назар аудару керек. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ ауылдық жерлердегі балалардың демалысы мен оларды сауықтыру шараларын ұйымдастыруға басымдық берілуі тиіс.

Жалпы үйлестіру жұмысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға бекітілді.

Министр: Балалардың жазғы демалысы жаңа талаппен ұйымдастырылады  

Жас ұрпақты тәрбиелеуде мемлекеттік қолдау шаралары, балалар демалысының инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жазғы еңбекпен қамту жұмыстарын ұйымдастырумен қатар отбасы мен ата-ананың алатын орны ерекше екені аталып өтті.

«Баланың өміріндегі ең маңызды құндылық – ол оның отбасы. Ата-аналар баланың өміріне бей-жай қарамай, араласатын ортасын, қызығушылығы мен бос уақытын қалай өткізетінінен хабардар болуы керек. Мемлекет басшысы атап өткендей, отбасында ата-анасының мейіріміне бөленіп, дәстүрімізді біліп, ең жақын жандардан өнеге алып өскен бала өз бойына адалдық, еңбекқорлық және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін сіңірген жеке тұлға ретінде қалыптасады», деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін балалар қауіпсіздігі үшін 7 мыңға жуық сайтқа шектеу қойылғаны айтылған.

Соңғы жаңалықтар