Қоғам • Бүгін, 13:50

ҰБТ кезінде жарық өшіп қалса, түлектердің нәтижесі қалай бағаланады? Министр жауап берді

1 мин
оқу үшін

Биыл осындай бірнеше жағдай тіркелген. ҰБТ өтіп жатқан кезде электр қуаты өшіп қалған жағдайда талапкерлердің нәтижесі қалай бағаланатынын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz.

ҰБТ кезінде жарық өшіп қалса, түлектердің нәтижесі қалай бағаланады? Министр жауап берді

Фото: Depositphotos.сom

Министрдің айтуынша, әлеуметтік желілерде Астанадағы кейбір емтихан тапсыру орындарында жарықтың өшіп қалғаны туралы ақпарат тараған.

«Жуырда Threads желісінде Астанадағы мектептердің бірінде жарық өшіп қалып, талапкерлер 140 балл жинады деген ақпарат белсенді тарады. Бірақ әзірге 140 балл жинаған бірде-бір талапкер жоқ. Өкінішке қарай, мұндай жалған ақпарат көп таралады. Дегенмен, расымен де электр қуаты өшкен, техникалық ақау болған бірнеше жағдай кездесті. Біз әрбір жағдайды жеке қарастырып жатырмыз. Сол күні тест тапсырғандардың барлығы бойынша бөлек бағалау жүргізіледі. Бұл бойынша арнайы рәсім қарастырылған», деді министр Үкіметтегі брифинг барысында.

Бұған дейін Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші аптасында ережені бұзудың 178 дерегі анықталғаны айтылған.

Биыл ҰБТ тапсыруға 239 мыңнан астам талапкер тіркелгені туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар